
Шигамбаев Мұрат Қанапияұлы
Алматы қаласы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы - мемлекеттік аудитор
Өмірбаян
Шигамбаев Мұрат Қанапияұлы 1976 жылы 29 қазанда дүниеге келген.
2001 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша, 2005 жылы Қазақстан-Ресей университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2012 жылы «Болашақ» Қарағанды университетін «экономика» мамандығы бойынша, 2013 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы «Балқашмедь» ӨБ РМСУ-да слесарь-жөндеуші болып бастады. 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
2021–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымын атқарды.
2026 жылғы қаңтар айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты Ішкі аудит қызметінің бөлім басшысы – мемлекеттік аудиторы.





