
Өмірбаян
Мұхамедқали Сағат Сартайұлы, 1997 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ленинское селосында туған.
2016 жылы Петропавл құрылыс-экономика колледжін есеп және аудит мамандығы бойынша тамамдады.
2019 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қаржы мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2017 жылы «Конфенциялар арасындағы қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-да мемлекеттік сатып алулар бойынша инспектор болып бастады.
2017 жылғы қазаннан бастап 2019 жылғы қазанды қоса «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-де - архивариус.
2019 жылғы қарашадан бастап 2020 жылғы тамызды қоса - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-де – жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы,
2020 жылғы тамыздан бастап 2021 жылғы желтоқсанды қоса «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-де материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылды.
2021 жылғы желтоқсаннан бастап 2022 жылғы қарашаны қоса - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-де - стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы.
2022 жылғы қарашадан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-де – медициналық техникамен қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық даму бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. 2022 жылғы қарашадан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-де – медициналық техникамен қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық даму бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.


