
Өмірбаян
Жармұқанова Әсел Сарманқызы, 1995 жылғы 14 мамыр Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданының Полтавка селосында туған.
2015 жылы «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша Солтүстік Қазақстан медицина колледжін үздік тамамдады.
2020 жылы Орынбор қаласындағы Орынбор мемлекеттік медицина университетін тамамдады, «Академиялық мейірбике, оқытушы» мамандығы бойынша «Медицина бакалавры» академиялық дәрежесі берілді.
2022 жылы Томск қаласындағы Сібір мемлекеттік медицина университетін тамамдады, «Денсаулық сақтау саласындағы басқару» менеджмент мамандығы бойынша «Денсаулық сақтау магистрі» дәрежесі берілді.
2015-2020 жылдары «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да жалпы практика учаскелік мейірбикесі болып жұмыс істеді.
2020-2022 жылдары «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК ЖПД және терапия бөлімшелерінің аға мейірбикесі лауазымына ауыстырылды.
2023-2025 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарды.
2025 жылғы қыркүйек айынан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы лауазымына ауыстырылды.


