
Өмірбаян
Жамбыл ауданы әкімінің 2026 жылғы 18 мамырдағы
өкімімен Сәдір Нұрсейт Әсетұлы Ерназар ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
1
997 жылы 25 тамызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2019 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2019 жылдың қазан айында Жамбыл ауданы, Ерназар ауылдық округі әкімі аппаратында жастар тәжірибесі арқылы уақытша жұмысшы болып бастаған.
2022-2024 жылдары Жамбыл ауданы, Ерназар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
05.2024-09.2024 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы;
2024 жылдың 12 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы қызметін атқаруда.
Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.





