Әуелбаев Жәнібек Әлімұлы

    Қаракемер ауылдық округінің әкімі

    Әуелбаев Жәнібек Әлімұлы
    Аким

    Әуелбаев Жәнібек Әлімұлы

    Қаракемер ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    1974 жылы 09 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылында туылған.
    1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Гидромелиорация» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1992 жылы Қаракемер совхозында жұмысшы болып бастаған.
    2000 жылы Аса селолық округі әкімінің аппаратында жер инспекторы,
    2000-2001 жылдары Өрнек селолық округі әкімінің аппаратында жер инспекторы,
    2001-2003 жылдары Қаракемер өндірістік кооперативінде гидротехник,
    2003-2004 жылдары Жамбыл аудандық жер инспекциясының бас маманы,
    2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорнында инженер-жерге орналастырушы,
    2008-2010 жылдары Жамбыл ауданы әкімиятының жер қатынастары бөлімінің бас маманы,
    2010-2011 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің штаттан тыс маманы,
    2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің «Оңтүстік» өңіраралық департаментінің Жамбыл облысы филиалының «Талас-Аса» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында оңалту басқарушысы,
    2013-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы Жамбыл ауданы «Талас-Аса» коммуналдық мемлекеттік су шаруашылығы кәсіпорнында гидротехник,
    2015 жылы Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл филиалы «Ақкөл» өндірістік бөлімшесі «Ақкөл» су бөгетінде гидротехник,
    2015-2018 жылдары Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл филиалы «Аса» өндірістік бөлімшесінің шаруашылық есебінен қаржыландырылатын бөлімше бастығының орынбасары,
    2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы «Амангелді ГӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тараз филиалында бригадир,
    2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитеті «Казсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл филиалында инженер-гидротехник қызметтерін атқарған.
    2020 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Қаракемер ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері