
Өмірбаян
1984 жылы 04 шілдеде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бостандық ауылында туылған.
2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003-2006 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бостандық ауылында «Ырыс» шаруақожалығында слесарь-электрик болып жұмыс бастаған.
15.05.2006-28.09.2006 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласында «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктесінде слесарь - электрик,
2006-2007 жылдары Астана қаласында «Даулетов» жеке кәсіпкер цех бастығы,
2009 -2013 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше Жағдай министрлігінің сарапшы маманы,
2013-2015 жылдары «Интер Газ Орталық Азия» акционерлік қоғамының Тараз магистральді газ құбырлары басқармасы филиалында қойма меңгерушісі,
2016-2017 жылдары Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары,
2017-2018 жылдары Жамбыл ауданы, Көлкайнар ауылдық округінің әкімі,
2018-2021 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспектор бөлімінің басшысы
2021 жылдың шілде айынан бүгінгі күнге дейін Айшабибі ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.





