
Өмірбаян
Булекбаев Талгат Балтабайұлы 1976 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ащыбұлақ ауылында дүниеге келген.
2003 жылы М.Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экология» мамандығын, 2007 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-түрік университетін «Биология» мамандығын алған.
Еңбек жолын 1996 жылдың ақпан айында Пионер өндірістік копперативінде құрылысшы болып бастаған.
2004-2006 жылдары Жамбыл облысы, Қордай ауданы АШҒЗИ зертханашысы.
2006-2007 жылдары Жамбыл облысы, Қордай ауданы АШҒЗИ кіші ғылыми қызметкері.
2008-2010 жылдары Жамбыл обаға қарсы күрес станциясында дәрігері.
2010-2013 жылдары Жамбыл обаға қарсы күрес станциясында ПТР зертханасының меңгерушісі.
2013-2019 жылдары ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл ауданы бойынша бактериологиялық және паразитологиялық зертханасының дәрігері.
2019 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл ауданы бойынша бастығы қызметін атқарған.
Үйленген, 6 бала тәрбиелеуде.





