
Өмірбаян
Нұрлан Рахманалиев Жамбыл ауданы, Гродиково ауылында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
Білімі - жоғары. Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2014 жылы Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде Ғимаратқа қызмет көрсетуші болып бастаған.
11.2014 - 03.2015 жылдары – Ғимаратқа қызмет көрсетуші, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, 01.2016 - 02.2016 жылдары – Мерчендайзер, «Астык логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 07.2016 - 01.2017 жылдары – Жастар тәжірибесімен бағдарламашы, Гродиково ауылдық округі әкімінің аппараты;
02.2017 - 12.2017 жылдары – Бас маман-іс жүргізуші, Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округі әкімінің аппараты;
12.2017 - 02.2019 жылдары – бас маман-іс жүргізуші, Жамбыл ауданы Гродиково ауылдық округі әкімінің аппараты;
02.2019 - 05.2022 жылдары – Жамбыл ауданы Гродиково ауылдық округі әкімінің орынбасары;
2022 жылдың 31 мамырынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
Отбасында 1 ұл, 1 қыз өсіріп, тәрбиелеуде.
Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Гродиково ауылдық округіне қарасты Қызылдихан және Гродекова ауылында ауыл әкімінің сайлауы өтіп, Нұрлан Рахманалиев 85,37 пайызға қол жеткізген болатын.





