
Өмірбаян
Тоғайбаева Айнұр Дауылқызы 1980 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, экономика ғылымдарының магистрі.
2001 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы «Локомотив-Сервис» ЖШС-нің инженері болып бастаған.
2004-2006 жылдары «КазтрейнПродукция» ЖШС-де қалыпқа келтіруші, экономист;
2006-2008 жылдары «КазКом» АҚ Алматы филиалының маманы;
2008-2012 жылдары «Тұран Экспресс Жолаушылар Компаниясы» ЖШС-де экономист;
2012-2013 жылдары «СКД-7» ЖШС-де инженер-экономист;
2013-2014 жылдары «Aktan Group» ЖШС-де экономист;
2017-2018 жылдары Шу ауданы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы;
2018-2019 жылдары Шу ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің бас маманы;
2019-2023 жылдары Тараз қаласы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы;
2024 жылдың маусым айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы қаржы-шаруашылық, бюджетті жоспарлау және есеп бөлімінің басшысы.





