Жүсіпова Алма Әутенқызы

    «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ басшысы

    Жүсіпова Алма Әутенқызы
    Басқарма басшысы

    Жүсіпова Алма Әутенқызы

    «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ басшысы

    Өмірбаян

    Жалпы ақпарат, білімі

    Алма Әутенқызы Жүсіпова 1968 жылы 2 сәуірде Қостанай облысы Қамысты ауданының Қарабатыр ауылында дүниеге келді.

    Бiлiмi – жоғары.

    1989 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірді.

    2003 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді.

    2019 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

    Мансап:

    1990 жылғы ақпан айынан – 1998 жылғы қаңтар айы аралығында – Қостанай облысының Қамысты ауданы «Ворошиловский» және «Камышнинский» совхоздарының бас экономисті, жоспарлы-есепті бөлімінің бастығы;

    1998 жылғы қаңтар айынан 1999 жылғы ақпан айы аралығында – Қамысты ауданы әкімінің экономика бойынша орынбасары;

    1999 жылғы ақпан айынан 2006 жылғы маусым айы аралығында – «Қамысты ауданының қаржы бөлімі» ММ бастығы;

    2006 жылғы маусым айынан бастап 2023 жылғы желтоқсан айына дейінгі аралықта «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ бас маманы, бөлімнің басшысы, басшысының орынбасары, кейін Басқарма басшысы болып қызмет етті.

    2023 жылғы 6 желтоқсаннан бастап «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    2025 жылғы 18 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы әкімінің өкімімен «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

    «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, «Астана 20 жыл» медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтой медалімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» төс белгісімен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен марапатталған, 2026 жылдың наурыз айында "Құрмет" орденімен марапатталды.

    .

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері