
Моргуль Наталья Валериевна
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
Наталья Валериевна Моргуль 1978 жылғы 9 желтоқсанда Астана қаласында дүниеге келді.
Білімі жоғары.
1999 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша Қостанай ауылшаруашылығы институтын бітірді.
2006 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетін аяқтады.
Мансап
Еңбек жолын 1999 жылы қарашада «Қостанай қалалық қаржы басқармасы» ММ бюджеттік бөлімнің аға маманы лауазымынан бастап, 2003 жылғы қазан айына дейін әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
«Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ-де 2003 жылғы қазан айынан бастап осы уақытқа дейін жұмыс істейді. Аталған Басқармада меритократия қағидаты бойынша мансап баспалдағымен бас маманнан бастап Басқарма басшысына дейін өсті.
2023 жылғы 6 желтоқсаннан бастап Қостанай облысы әкімінің өкімімен «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.
2025 жылғы 18 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бюджеттің атқарылуын жиынтық талдау және бюджетаралық қатынастар; білім, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік ұйымдарын қаржыландыру; денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарын қаржыландыру бөлімдеріне жетекшілік етеді.
«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасына, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтой медаліне, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төс белгісіне, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медаліне ие.


