
Рахметова Линара Бөгенбайқызы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Линара Бөгенбайқызы Рахметова 1986 жылы 1 шілдеде Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Үйкескен ауылында дүниеге келді.
Білімі жоғары.
2008 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Агрономия» мамандығы бойынша бітірді.
2011 жылы «Есеп және аудит» мамандығы бойынша Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірді.
Мансап
Еңбек жолын 2009 жылы қыркүйек айында аудармашы ретінде Қостанай қаласындағы «№ 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» ММ-де бастап, онда 2011 жылғы қыркүйек айына дейін жұмыс істеді.
2011 жылғы қыркүйектен бастап 2013 жылғы сәуірге дейін «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі Қостанай қаласы әкімдігінің № 69 бөбекжайы» МКҚК-да бас бухгалтер болып жұмыс істеді.
2013 жылғы сәуірден бастап 2017 жылғы шілдеге дейін аралықта «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ-де әр түрлі лауазымдарда: инспектор, бас маман, сектор меңгерушісі болып еңбек етті.
2017 жылғы тамыз айында «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ-нің қайта ұйымдастырылуына байланысты «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-не коммуналдық меншік секторының меңгерушісі болып ауыстырылды.
2019 жылғы ақпанда «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-нен жұмыстан босатылып, «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ-не жекешелендіру және жекешелендіруден кейінгі бақылау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2020 жылғы қарашадан бастап «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымында.
Нақты сектор салаларын қаржыландыру, бюджеттік есепті жүргізу, жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша бюджет есептілігін жасау, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша кредиторлық және дебиторлық берешек жағдайының мониторингін жүзеге асыру, оларды қысқарту жөніндегі ұсыныстарды талдау және дайындау, сондай-ақ қарыздар бойынша берешекті өтеу мониторингін жүзеге асыру, жергілікті атқарушы органдардың жоғары тұрған бюджет алдындағы берешегін өтеу, сондай-ақ шығарылған муниципалдық бағалы қағаздар бойынша берешекті өтеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Қостанай облысы әкімдігінің бағалы қағаздарын шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік етеді. Сонымен бірге, Басқарманың әкімшілік бөлімінің қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады.
