
Малаева Ләззат Жыңғылбайқызы
Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ләззат Жыңғылбайқызы 1971 жылы 20 шілдеде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келген.
1990 жылы Жамбыл зооветеринарлық техникумын «бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылы Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Қырғыз мемлекеттік заң академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде бухгалтер болып бастаған.
1993 жылдан 2012 жылға дейін Алматы қаласында бірнеше мемлекеттік ұйымдарда бухгалтер болып жұмыс істеген.
2012 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің Алматы қаласы бойынша департаментінде жұмыс істеген.
2019 жылдың шілдесінен бастап Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы болып табылады.





