
Булегенова Динара Бектурсыновна
Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Динара Бектұрсынқызы 1986 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.
2010 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы «Тұран» университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінде бас маманның м.а. болып бастаған.
2016 жылдан 2022 жылға дейін Алматы Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қарашасынан бастап Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы болып табылады.
2020 жылы коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі пандемия кезінде қосқан үлесі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталған.





