
Ахметова Алмаш Сарсембайқызы
Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Алмаш Сәрсембайқызы 1970 жылы 26 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында, Бөлшенарым ауданында дүниеге келген.
1998 жылы Қазақ ұлттық медицина университетін «дәрігер гигиенист-эпидемиолог» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бөлшенарым аудандық ауруханасында санитар болып бастаған.
Одан әрі 1998 жылы Алматы қаласына көшіп, Алматылық зейнеткерлерге қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкері болып жұмыс істеген.
1999 жылдан 2015 жылға дейін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жүйесінде әр түрлі лауазымдарда, оның ішінде басшылық лауазымдарда істеген.
2015 жылдың тамызынан бастап Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы болып табылады.





