
Какимова Гульнара Сахиевна
Білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Гульнара Сахиевна 1973 жылдың 10 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген.
1997 жылы Қазақ ұлттық медицина университетін «дәрігер-гигиенист» мамандығы бойынша бітірген, медицина ғылымдарының кандидаты болып табылады.
Еңбек жолын 1997 жылдан бастап Бостандық ауданы санитарлық-эпидемиологиялық станциясында коммуналдық бөлімінің санитарлық дәрігері болып бастаған.
1998 жылдан 2022 жылға дейін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жүйесінде әр түрлі лауазымдарда, оның ішінде басшылық лауазымдарда істеген.
2023 жылдың қаңтарынан бастап Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбие объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып табылады.
2013 жылы жұмыста жеткен жетістіктері үшін «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.





