
Садуев Жаслан Серікпайұлы
Басшының орынбасары
Өмірбаян
2005 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін география бакалавр маманы бойынша оқып бітірді.
2009 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін мемлекеттік жергілікті басқару маманы бойынша оқып бітірді.
Еңбек жолын 2005 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қазанка орта мектебінің география және қазақ тілі пәндерінің мұғалімі болып бастады.
2006 жылғы қазанынан бастап «СЦ Мастер» ЖШС менеджер – консультанты.
2007 жылғы маусымынан бастап Қалалық жер-кадастрлық бөлімінің техник – жерге орналастырушы
2009 жылғы қыркүйегінен бастап «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру – бақылау және кадрлық жұмыстар бөлімі жетекші маманының м.а.
2010 жылғы қарашадан бастап «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру – бақылау және кадрлық жұмыстар бөлімі жетекші маманы.
2011 жылғы тамыздан бастап «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі.
2012 жылғы тамыздан бастап «Қазақстан Республикасы Қораған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» ММ мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің жетекші маманы.
2014 жылғы ақпанынан бастап «Қазақстан Республикасы Қораған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.
2017 жылғы маусымынан бастап «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы.
2020 жылғы қыркүйегінен бастап «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ басшысының орынбасары.





