Моргунов Максим Валерьевич

    ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

    Моргунов Максим Валерьевич
    Руководитель аппарата

    Моргунов Максим Валерьевич

    ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

    Өмірбаян

    1976 жылы 20 шілдеде Қостанай облысы, Қостанай қаласында дүниеге келген.

    Білімі:

    А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, құқық магистрі

    М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, экономика магистрі

    А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, психолог, психология оқытушысы

    1998 - 1999 «Альянс» АБА психолог- консультанты

    1999 - 2000 «Әлеуметтік бастамалар орталығы» ҚБ психолог-консультанты

    2000 - 2001 Қостанай қаласы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы бөлімінің маманы

    2001 - 2002 Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу өңірлік бөлімшесінің бас маманы

    2002 - 2004 Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің өңірлік бөлімшесі басшысының орынбасары

    2004 - 2005 Қостанай облысы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы

    2005 - 2013 Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы

    2013 - 2014 Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары

    2014 - 2018 Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы-Қостанай облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы

    2018 - 2022 Қостанай облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің басшысы

    2022 қазіргі уақытта Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы

    Лауазымдық міндеттері:

    Қала әкімі аппаратының қала әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын ұйымдастыру мәселелері.

    Әкімдіктің қарауына материалдар дайындау, мүдделі кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға шешімдерді уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету.

    Қостанай қаласы әкімі аппаратының және Қостанай қаласы әкімдігінің дербес мекемелерінің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне мониторинг жүргізу. Кадр мәселелері. Азаматтық хал актілерін тіркеуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік құпияларды қорғау.

    Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарының, облыс және қала әкімдерінің қаулыларын, өкімдерін және басқа да өкімдік құжаттарын орындау жөніндегі жұмысқа әдістемелік басшылық жасау және бақылау жасау.

    Іс қағаздарын жүргізуге, жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарауға бақылауды жүзеге асыру.

    Қала әкімі мен әкімі аппаратының жұмысын перспективалық және ағымдағы жоспарлау.

    Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссияның; мамандығы бойынша жұмыс өтілін айқындау жөніндегі комиссияның; «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы қолдаухаттарды қарау жөніндегі комиссияның, Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі; Қостанай қаласы әкімінің жанындағы мемлекеттік наградалар жөніндегі; мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның; ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіреді.

    Қала әкімі аппаратында ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету жұмысын үйлестіреді.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және мерзімін бақылауды жүзеге асырады.

    Мекеменің негізгі қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау.

    «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің қызметін үйлестіреді:

    ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы бөлімінің;

    құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің;

    персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі);

    заң қызметінің;

    қаржылық-шаруашылық бөлімінің;

    мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ішкі бақылау, мониторнинг жүргізу, цифрландыру және ақпараттық технологиялар бөлімінің (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлігінде);

    мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау бөлімінің (құпия іс қағаздарын жүргізу бөлігінде);

    азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің;

    «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қостанай қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.

    Өзара ic-қимылды жүзеге асырады:

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен;

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен;

    аумақтық әділет органдарымен;

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалымен;

    жетекшілік ететін бағыттар бойынша мемлекеттік аумақтық және облыстық органдармен;

    қалалық мемлекеттік архивпен.

    Заңмен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асыруды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жүзеге асырады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері