
Жүндібаев Марат Қонысбайұлы
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өмірбаян
1974 жылы 26 маусымда Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Новоселовка ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары:
А. БайтұрсыноватындағыҚостанай мемлекеттік университеті (1997), тарих пәнінің оқытушысы
Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты (2002), заңгер
Халықаралық бизнес университеті
Комбайнердің көмекшісі (1991);
«Аракс» ЖТАҚшебері (1997-1998);
Жітіқара ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, бастығы (1999-2002);
Қостанай облысы әкімі аппаратының бас маманы (2002-2005);
Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары (2005-2008);
Қостанай қаласы әкімінің орынбасары (2008-2010);
Қостанай облысыденсаулық сақтау басқармасының бастығы (06.2010-09.2011);
Қостанай облысы облыстық білім басқармасының бастығы (09.2011-02.2013);
Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімі (02.2013-09.2015);
Қостанай облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары (09.2015-09.2020);
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (09.2020-03.2022);
Қостанай қаласының әкімі ( 03.2022 бастап )
Лауазымдық міндеттері:
Қаланың әлеуметік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, жоғары тұрған мемлекеттік билік органдарының және басқармаларының қаулыларын, шешімдерін, өкімдерін орындау бойынша жұмысты жедел басқарады және ұйымдастырады.
Кадр мәселелерін қарайды және шешеді. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды.
Қостанай қаласы әкімдігінің;
Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның;
Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның;
бюджеттік комиссияның;
әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның;
жастар ісі жөніндегі кеңестің қызметтеріне басшылық етеді.
Өз құзыреті шегінде мемлекеттік аумақтық және облыстық органдармен;
сот органдарымен;
«Қостанай қаласының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесімен;
«Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаменті Қостанай қаласының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесімен;
«Қазақстан Республикасы әділет министрлігі Қостанай облысының әділет департаменті Қостанай қаласының әділет басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесімен;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамның Қостанай облысы бойынша филиалымен өзара ic-қимылды жүзеге асырады.



