Шуленов Мажит Максутович

    ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

    Шуленов Мажит Максутович
    Заместитель акима

    Шуленов Мажит Максутович

    ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

    Өмірбаян

    1971 жылы 14 мамырда Қостанай облысы Қамысты ауданы Орқаш ауылында дүниеге келген.

    2000 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін ұлттық мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

    2018 жылы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    Қамысты ауданы «Уркашский» совхозының комбайнері (1988-1989);

    Қамысты ауданы «Уркашский» совхозының № 2 бөлімшесінің құрылысшысы (1991-1992);

    Таран ауданы Евгеновская ОМ мұғалімі (1993-1994);

    Таран ауданы О.Дощанов атындағы совхоздың аға халық жасақшысы (1994-1996);

    «ТСЛ-ТВ» ЖШС телебағдарламасының редакторы, Қостанай қаласы (1994-1996)

    Қостанай облысы Ішкі істер басқармасының ақпарат және қоғамдық байланыстар тобының инспекторы (1998-2000);

    Баспасөз қызметінің бас маманы, бас инспектор-баспасөз хатшысы, бас инспектор-Қостанай облысы әкімінің көмекшісі (2000-2006);

    Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бастығы (2006-2007);

    «АгромашХолдинг» АҚ президентінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі (2007-2008);

    «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жарнама бойынша жылжыту департаментінің қоғаммен байланыс жөніндегі маманы, Жарнаманы жылжыту бойынша қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Ұйымдастырушылық-бақылау департаментінің бастығы, Қостанай қаласы (2008-2015);

    Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы (2016-2017);

    Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (2017-2018);

    «Білімді Ел – Образованная страна» республикалық білім беру қоғамдық – саяси газетінің даму жөніндегі директоры (2018-2022);

    Қостанай қаласы әкімінің кеңесшісі (08.2022-01.2023);

    Қостанай қаласы әкімінің орынбасары (16.01.2023 ж.бастап).

    Лауазымдық міндеттері:

    Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, жоғары тұрған мемлекеттік билік органдарының және қала әкімінің қаулылары мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастырады.

    Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, жастар және ішкі саясат, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, ономастика мәселелеріне жетекшілік етеді.

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен балалар және жалпы білім беру мекемелерінде білім беру қызметтерін ұсыну мәселелері бойынша; қала халқының денсаулық сақтау мәселелері бойынша денсаулық сақтау басқармасымен өзара іс-қимыл жасайды.

    Қостанай қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның; Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның; атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру; 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның; Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссияның; қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші органның, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның; жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның; әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның; үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің; мүгедектер істері жөніндегі кеңестің жұмыстарын үйлестіреді.

    Қостанай қаласы әкімдігінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету жұмысын үйлестіреді.

    Өз құзыреті шегінде өз бағыты бойынша республикалық және облыстық бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастырады.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және мерзімін бақылауды жүзеге асырады.

    «Қостанай қаласыәкімдігініңішкі саясат бөлімі»мемлекеттік мекемесінің;

    «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»мемлекеттік мекемесінің;

    «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»мемлекеттік мекемесінің қызметтерін үйлестіреді.

    Өзара ic-қимылды жүзеге асырады:

    жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемлекеттік аумақтық және облыстық органдармен;

    жобалау институттарымен;

    қаланың қорғанысicтepiжөніндегі басқармасымен;

    қалалық зейнетақы төлеу орталығы филиалымен;

    әскери бөлімшелермен;

    жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен;

    қалалық медициналық мекемелермен;

    баспа кәсіпорындарымен;

    қоғамдық бірлестіктермен, оның iшiнде қалалық Ардагерлер кеңесімен және мүгедектер қоғамымен;

    бұқаралық ақпарат құралдарымен;

    қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен органдары;

    саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен, кәсіподақтармен, қорлармен, дін конфессиялармен, шығармашылық одақтармен, үкіметтік емес ұйымдармен.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері