Исмагулов Алмат Ерикович

    ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

    Исмагулов Алмат Ерикович
    Заместитель акима

    Исмагулов Алмат Ерикович

    ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

    Өмірбаян

    1979 жылы 28 қыркүйекте Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Западный кентінде дүниеге келген

    Білімі жоғары:

    А. Байтұрсыноватынд.Қостанай мемлекеттік университеті (2000)

    Мамандығы «Экономика және менеджмент»

    «Қостанай облысының қаржы департаменті» ММ құқық қорғау органдары және қорғаныс кешені басқармасы аппаратының қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы (16.03.2001-07.11.2001);

    «Қостанай облысының қаржы департаменті» ММ құқық қорғау органдары және қорғаныс кешені басқармасы аппаратының қаржыландыру бөлімінің бас маман-экономисі (07.11.2001-03.07.2003);

    «Қостанай облысының қаржы департаменті» ММ материалдық өндірісті қаржыландыру бөлімінің бас маманы (03.07.2003-14.08.2003);

    «Қостанай облысының қаржы департаменті» ММ құқық қорғау органдары және қорғаныс кешені басқармасы аппаратының қаржыландыру бөлімінің бастығы(14.08.2003-01.01.2005);

    «Қостанай облысының қаржы департаменті» ММ мемлекеттік органдарды қаржыландыру, қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік бөлімінің бастығы (01.01.2005-30.06.2006);

    «Қостанай облысының қаржы департаменті» ММ директорының орынбасары (30.06.2006-05.05.2008);

    «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ бастығының орынбасары (05.05.2008-09.12.2010);

    «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ жалпы экономикалық мәселелер жөніндегі басқарма бастығының орынбасары (10.12.2010-20.10.2011);

    «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ бастығының орынбасары (21.10.2011-07.03.2013);

    «Лисаковск қаласы әкімінің аппараты» ММ қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы (11.03.2013-21.04.2013);

    Лисаковск қаласы әкімінің орынбасары (04.2013-06.2013);

    Қарабалық ауданының әкімі (28.06.2013-09.2015);

    Лисаковск қаласының әкімі (28.09.2015-30.04.2021);

    «Стомед и К» ЖШСбас директоры (11.05.2021-30.09.2021);

    «Стоматологическая клиника №1» ЖШСбас директоры (01.10.2021 - 20.04.2022);

    Қостанай қаласы әкімінің орынбасары (01.06.2022 бастап).

    Лауазымдық міндеттері:

    Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, жоғары тұрған мемлекеттік билік органдарының және қала әкімінің қаулылары мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастырады.

    Тұрғын үй заңнамасы, экономика саласындағы саясатты іске асыру, бюджеттік жоспарлау, жергілікті бюджетті толықтыру және орындау, мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншікті жалға алу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, қалалық инфрақұрылымды және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді дамыту және ұстау, инженерлік коммуникациялар, көлік, байланыс, өртке қарсы қызмет кәсіпорындарының жұмысына, автомобиль жолдары желісін дамыту және ұстау мәселелеріне, отын-энергетика кешені, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, терроризмнің алдын алу, авариялар мен дүлей апаттарды жою, қалада жылыту маусымына дайындық және оны өткізу, су тасқынына қарсы іс-шаралар, тұрғын үй заңнамасы мәселелеріне жетекшілік етеді.

    Банктердің, аудиторлық мекемелердің жұмыстарын үйлестіреді.

    Тұрғын үйлерді авариялық деп тану жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының; аймақтарға бөлу коэффициентін бекіту жөніндегі; Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі; төтенше жағдайлар жөніндегі; жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті одан әрі пайдалану жөніндегі мәселелерді қарауға арналған комиссияның, қаланың коммуналдық мүлкін кейіннен сатып алу құқығымен және құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерлерді ұйымдастыру және өткізу үшін тендерлік комиссияның; Қостанай қаласының коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссияның; Қостанай қаласы бойынша елішілік құндылығын бақылау жөніндегі комиссияның; Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы «Халық қатысатын бюджет» тетігі арқылы жобаларды іске асыру мәселелерін қарау жөніндегі сараптамалық кеңестіңжұмысын үйлестіреді.

    Өз құзыреті шегінде өз бағыты бойынша Қостанай қаласына қатысты бөлігінде республикалық және облыстық бағдарламаларды, сондай-ақ басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыруды ұйымдастырады.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және мерзімін бақылауды жүзеге асырады.

    «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлаубөлімі» мемлекеттік мекемесінің;

    «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржыбөлімі»мемлекеттік мекемесінің;

    «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алубөлімі»мемлекеттік мекемесінің;

    «Костанай каласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбөлімі» мемлекеттік мекемесі;

    «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі»мемлекеттік мекемесінің;

    қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың;

    «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ішкі бақылау, мониторинг жүргізу, цифрландыру және ақпараттық технологиялар бөлімінің түрлі салаларды цифрландыру, оның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бөлігінде;

    «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау бөлімінің;

    Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі штабтың қызметтерін үйлестіреді.

    Өзара ic-қимылды жүзеге асырады:

    жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемлекеттік аумақтық және облыстық органдармен;

    мемлекеттік кipicбасқармасымен;

    қаржы және кредит ұйымдарымен;

    аудиторлық мекемелермен және сақтандыру компаниялармен;

    ұлттық банк және екінші деңгейдегі банк филиалдарымен;

    мамандандырылған монтаждау ұйымдарымен;

    жобалау институттарымен;

    қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасымен;

    қалалық өртке қарсы қызмет жасағымен;

    энергия-су және газбен жабдықтаушы ұйымдармен;

    жол-құрылыс ұйымдарымен;

    жолаушылар тасымалдайтын көлік кәсіпорындарымен;

    Қостанай қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен (санитариялық тазарту және абаттандыру бөлігінде).

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері