
Есенаманов Адайбек Шәкірұлы
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары
Өмірбаян
1990 жылдың 15 сәуірінде Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2012 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі – қаржы.
Еңбек қызметін 2012 жылы Ақтөбе облысының Қаржы басқармасының нақты секторды қаржыландыру бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы ретінде бастаған.
2013–2016 жылдары – Ақтөбе облысының Қаржы басқармасында нақты секторды қаржыландыру бөлімінің, білім, мәдениет және спорт саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау және іске асыруды бағалау бөлімінің, сондай-ақ нақты сектор саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау және іске асыруды бағалау бөлімінің бас маманы.
2016–2019 жылдары – Ақтөбе облысының Қаржы басқармасының нақты сектор саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау және іске асыруды бағалау бөлімінің басшысы.
2019–2020 жылдары – Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен квазимемлекеттік секторды дамыту бөлімінің, инвестициялық жоспарлау бөлімінің басшысы.
2020–2023 жылдары – Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.
2023–2025 жылдары – Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімінің орынбасары.
2025 жылдың қазан айынан бастап – Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.





