
Мұзафар Мұрадым Уәлитханұлы
Теңіз ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Мұзафар Мұрадым Уәлитханұлы. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Хиуаз ауылында 1998 жылы 28 қаңтарда дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі–жоғары.
2015 – 2018 жылдары Атырау қаласындағы Каспиймаңы көпсалалы жоғарғы колледжін «техник-програмист» мамандығы бойынша;
2018 – 2022 жылдары Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Хиуаз ауылдық округінің тұрғыны.
Алғашқы еңбек жолын 2021 жылы Хиуаз ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде бағдарламашы ретінде бастаған.
2021-2022 жылдары «Халық Банк» АҚ-ның Құрманғазы аудандық бөлімінде аға менеджер;
2022 жылы Құрманғазы аудандық ауруханасында есепші болып жұмыс жасады;
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Жаңаталап ауылдық округі әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 шілдедегі №21 шешімі негізінде, аудан әкімінің өкімімен 2025 жылғы 16 шілдеден бастап Теңіз ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.Отбасылы.





