
Джунусова Марина Николайқызы
Қиғаш ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Джунусова Марина Николаевна 1966 жылы 03 наурызда Құрманғазы ауданы, Кудряшов селосында дүниеге келген. Ұлты–қазақ.
Білімі–жоғары.
2020 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
Отбасылы
Еңбек жолы 1984-1986 жылдары Теңіз аудандық АТП-автобазасында слесарь болып қызмет атқарған,
1987 - 1994 жылдары Теңіз аудандық колхозаралық санаторий-профилакториясында кассир,
1995 – 2006 жылдары "Казтранском" АҚ-на қарасты Қиғаш байланыс бөлімінде оператор-байланысшы,
2006 – 2017 жылдары Құрманғазы ауданы "Серпер-2" ЖШС және "Қиғаш ауылдық округі әкімі аппарать" мемлекеттік мекемесінде әртүрлі қызметтер атқарған,
2017 жылдың тамыз айынан бастап "Қиғаш ауылдық округі әкімі аппараты"мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарып келді.
2022 жылғы 17-ші қазанда Қиғаш ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.




