Бектемиров Жандос Мнафихұлы

    Орлы ауылдық округінің әкімі

    Бектемиров Жандос Мнафихұлы
    Аким

    Бектемиров Жандос Мнафихұлы

    Орлы ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    1969 жылы 15 желтоқсанда Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Калинин селосында дүниеге келді.
    1976-1986 жылдары аралығында Ганюшкин селосындағы Ломоносов атындағы орта мектебінде оқыды.
    1986 жылдың қазан айында Теңіз кәсіптік-техникалық училищесінде оқуға түсіп, 1987 жылдың шілде айында оқуды бітіріп, тракторист-машинист мамандығын алды.
    1987 жылдың желтоқсанынан бастап 1989 жылдың желтоқсан айы аралығында Совет Армиясының қатарында әскери борышын атқарды.
    1990 жылдың қыркүйек айынан бастап 1992 жылдың шілде айына дейін Целиноград қаржы-экономикалық техникумында оқыды.

    1990 жылдың ақпан айынан бастап Теңіз аудандық қаржы бөлімінде ревизор-инспектор лауазымында қызмет атқарды.
    1992 жылдың тамыз айынан 2004 жылдың мамыры аралығында Құрманғазы ауданы бойынша салық комитетінің аудит және салық жинау бөлімінің инспекторы, аудит бөлімінің бас салық инспекторы,салықты әкімшіліктендірудің технологиялық ақпарат секторының бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
    2004 жылдың 7 мамырынан бастап 2004 жылдың 31 желтоқсанға дейін Құрманғазы аудандық экономика бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.
    2005 жылдың қаңтарынан бастап 2013 жылдың 3 қыркүйегіне дейін Құрманғазы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
    2013 жылдың 3 қыркүйегінен бастап Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері