Атырау облысы, Құрманғазы ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімі мен әкімдігінің тиімді және ұдайы қызметін қамтамасыз ету

    Міндеттері:

    1) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

    2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

    3) облыс әкімі Аппаратымен, аудандық мәслихатпен, құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, ауданның барлық жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларының келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету;

    4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының

    және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау барысындағы жергілікті атқарушы органдардың өзара жауаптылығын белгілеу;

    5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Аппаратқа жүктелген өзге де міндеттерді орындау болап табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруға берілген ИПБ-ның жауапкершілігі қалай қамтамасыз етіледі?

    Жауап

    Салымшы зейнетақы активтерін басқаратын ИПБ-ны және инвестициялық портфельді, яғни тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдауға құқылы. Өз кезегінде, ИПБ-ға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару бойынша заңнамада белгіленген жауапкершілік жүктеледі. ИПБ алған номиналды кірістілік пен реттеушінің талаптарына сәйкес есептелген кірістіліктің ең төменгі мәні арасында теріс айырма болған жағдайда, ИПБ бұл теріс айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтейді.

    ·
    Сұрақ

    Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына берудің тиімділігі қандай? Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан таба алады? Басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылауға болады?

    Жауап

    Зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына беру салымшыларға кірістілік тарихы неғұрлым үздік немесе неғұрлым агрессивті инвестициялық стратегия ұсынатын ИПБ-ны таңдау арқылы капиталды ұзақ мерзімді перспективада көбейтуге мүмкіндік береді. БЖЗҚ – зейнетақы нарығындағы бірыңғай инфрақұрылымдық институт, оның 100% акциясы Үкіметке тиесілі. Салымшылардың өз жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру құқығын іске асыруына байланысты БЖЗҚ-ның институционалдық міндеті де арта түсті. БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚР ҰБ және/немесе ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы. БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады, сондай-ақ азаматтардың жинақтары туралы ақпаратты үзінді көшірмелерде тәулік бойы, яғни «24/7» режимінде толық көрсетеді. Бұдан бөлек, БЖЗҚ салымшылары үшін заманауи цифрлық ресурс ретінде ақпараттық интернет-платформа (invest.enpf.kz) іске қосылды. Ол барлық басқарушылардың (ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Invest.enpf.kz платформасы кірістілік туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ белгіленген кезеңдер аралығындағы динамикада активтерді басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша көрсеткіштерді салыстыруға болады. Осы платформа арқылы салымшылар: инвестициялық портфельдердің құрылымымен; әртүрлі кезеңдердегі кірістілік көрсеткіштерімен; инвестициялық құралдардың құрамымен; түрлі басқарушылардың салыстырмалы сипаттамаларымен; инвестициялық декларациялармен және басқару стратегияларымен таныса алады.

    ·
    Сұрақ

    Заңнамалық өзгерістерде міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беру мүмкіндігі көзделген. Бұл механизм қалай жұмыс істейді?

    Жауап

    Әлеуметтік кодекстің 40-бабына сәйкес салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру және/немесе оларды Ұлттық Банктің басқаруында қалдыру туралы шешімді дербес қабылдау құқығы берілген. 2026 жылғы қыркүйекте салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін заңнамалық өзгерістер де күшіне енеді. Егер қазіргі уақытта салымшылар міндетті зейнетақы және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-ына дейін, ал ерікті зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына бере алатын болса, күзден бастап олар ерікті зейнетақы жинақтары сияқты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарын да толық көлемде ИПБ-ның басқаруына бере алады. Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ түрлі инвестициялық портфельдерді, яғни зейнетақы активтерін басқару үшін ИПБ ұсынатын инвестициялық стратегияларды өз бетінше таңдай алады. Бұл стратегиялар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленеді. Ақшаны ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы белгіленген нысандағы өтінішті беруі қажет. Мұны электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, enpf.kz сайтындағы жеке кабинеті, invest.enpf.kz интернет-платформасы арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады.

    ·
    Сұрақ

    Зейнетақы активтерін кім басқарады?

    Жауап

    Зейнетақы активтерін инвестициялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарын осындай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – оларды түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және инвестициялық кіріс алу. Зейнетақы активтерін басқаратын ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың өздерінің инвестициялық стратегиялары бар және олар инвестициялық декларация шеңберінде инвестициялық портфельдің құрылымын дербес айқындайды. ИПБ-лардың қолданыстағы тізіліміне қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді: «Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы зерделеуге болады.

    ·
    Сұрақ

    Зейнетақы активтерін кім басқарады?

    Жауап

    Зейнетақы активтерін инвестициялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарын осындай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – оларды түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және инвестициялық кіріс алу. Зейнетақы активтерін басқаратын ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың өздерінің инвестициялық стратегиялары бар және олар инвестициялық декларация шеңберінде инвестициялық портфельдің құрылымын дербес айқындайды. ИПБ-лардың қолданыстағы тізіліміне қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді: «Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы зерделеуге болады.

    ·
    Сұрақ

    Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың зейнетақы жинақтарымен не болмақ? Олардың сақталуына кепілдік беріле ме? Бұл кепілдік немен қамтамасыз етіледі?

    Жауап

    Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап « Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді » деп көзделген. Мемлекеттің зейнетақы активтерінің сақталуына беретін кепілдігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) қызметін реттеу , Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк, ҚРҰБ) де, ИПБ-лардың да инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, зейнетақы активтерін орналастыру кезінде оларды әртараптандыру және тәуекелдерді төмендету жөніндегі талаптарды сақтау, сондай-ақ басқа да реттеуші нормалар арқылы қамтамасыз етіледі. Жалпы алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесі және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі мемлекеттік реттеу, бақылау мен жауапкершілік аясында қала береді.

    ·
    Ақпарат

    Дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ

    Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңының 18-бабы 5) тармағы, 38-бабы 2-тармағына сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ № Учаскелік сайлау комиссияының № Сайлау учаскесінің орналасқан орны Дауыс беру күні мен уақыты 1 №165 Алға ауылы, Әбу Сәрсенбаев көшесі, №45 үй, Шабыт ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон: 8/71233/3-31-21 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 2 №167 Афанасьев жолайрығы, Теміржолшылар көшесі, №25 үй, №80 бастауыш мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/3-65-12. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 3 №168 Жұмекен ауылы, Қадырбек Өмірбаев көшесі, №2 үй, Еңбекші ауылдық клубының ғимараты, телефон: 8/71233/3-17-09. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 4 №170 Құрманғазы ауылы, Абай көшесі, №2 үй, Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимараты, телефон: 8/71233/2-14-93. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 5 №171 Құрманғазы ауылы, Нұғыман Манаев көшесі, №52 үй, «Мерей» бөбекжай-балабақшасының ғимараты, телефон: 8/71233/2-14-76. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 6 №172 Құрманғазы ауылы, Мұхат Мусаев көшесі, №27 үй, «Өркен» бөбекжай-балабақшасының ғимараты, телефон: 8/71233/2-11-85. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 7 №173 Құрманғазы ауылы, Ғизат Әліпов көшесі, №1 үй, «Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасының ғимараты, телефон: 8/71233/2-05-97. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 8 №174 Құрманғазы ауылы, Атырау көшесі, №1 үй, Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/2-40-02. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 9 №175 Құрманғазы ауылы, Болашақ көшесі, №5 үй, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/2-50-77. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 10 №176 Орлы ауылы, Нұғыман Манаев көшесі, №13 үй, Өнерпаз ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон: 8/71233/3-55-52. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 11 №177 Теңіз ауылы, Достық көшесі, №20 үй, Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/3-75-40. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 12 №178 Нұржау ауылы, Мүсіреп Әспембетов көшесі, №2 үй, Құрманғазы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/3-83-39. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 13 №179 Жамбыл ауылы, Жасқанат көшесі, №1 үй, Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/5-56-85. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 14 №180 Хиуаз ауылы, Мардан Тәжібаев көшесі, №2 үй, Жаңаталап ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон: 8/71233/3-42-30. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 15 №181 Ақкөл ауылы, Амангелді Иманов көшесі, №32 үй, Ақкөл ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон: 8/71233/7-15-40. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 16 №182 Ақкөл ауылы, Сайпеден Құспанов көшесі, №6 үй, Ақкөл жалпы орта мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/7-11-48. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 17 №183 Қиғаш ауылы, Шәмші Қалдаяқов көшесі, №8 үй, Қиғаш ауылдық клубының ғимараты, телефон: 8/71233/5-53-36. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 18 №184 Жыланды ауылы, Құрманғазы көшесі, №3 үй, Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон: 8/71233/3-95-07. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 19 №185 Ғ.Әліпов ауылы, Ғалиден Казбеков көшесі, №27 үй, Ж.Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/7-32-02. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 20 №186 : Шортанбай ауылы, Әбу Сарсенбаев көшесі, №43 үй, Шортанбай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон: 8/71233/5-52-50. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 21 №187 Жасталап ауылы, Ахмет Жұбанов көшесі, №20 үй, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/5-53-61. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 22 №188 Көптоғай ауылы, Шайхы Әбішов көшесі, №2А үй, С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/3-04-28. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 23 №189 Бөкейхан ауылы, Қаныш Сатпаев көшесі, №76А үй, Бөкейхан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон: 8/71233/3-83-05. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 24 №190 Кудряшов ауылы, Абай көшесі, №64В үй, Кудряшов ауылдық клубының ғимараты, телефон: 8/71233/3-26-11. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 25 №191 Кудряшов ауылы, Бейбітшілік көшесі, №1А үй, Ғабит Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/32704. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 26 №192 Сафон ауылы, Бейбітшілік көшесі, №49 үй, Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/3-34-40. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 27 №193 Бірлік ауылы, Қаби Оқаев көшесі, №15А үй, С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/3-13-11. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 28 №194 Амангелді ауылы, Амангелді Иманов көшесі, №18А үй, А.Иманов атындағы негізгі орта мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/3-10-46. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 29 №195 Балқұдық ауылы, Абай көшесі, №25 үй, Балқұдық ауылдық клубының ғимараты, телефон: 8/71233/4-14-62. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 30 №196 Азғыр ауылы, Ғарифулла Құрманғалиев көшесі, №5 үй, Азғыр негізгі орта мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/5-68-11. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 31 №197 Асан ауылы, Тұрар Рысқұлов көшесі, №17 үй, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты, телефон: 8/71233/7-30-46. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 32 №198 Қоңыртерек ауылы, Жаңару көшесі, №5 үй, Қоңыртерек бастауыш мектебінің ғимараты, телефон: 8/71259/5-70-44. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 33 №199 Сүйіндік ауылы, Абай көшесі, №18 үй, Сүйіндік ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон: 8/71259/5-12-14. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 34 №200 Жалғызапан ауылы, Жәңгір хан көшесі, №39А үй, Лабай ауылдық клубының ғимараты, телефон: 8/71259/5-69-47. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 35 №201 Батырбек ауылы, Нарын көшесі, №11 үй, Батырбек ауылының бастауыш мектебінің ғимараты, телефон: 8/71259/5-68-32. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 36 №202 Үштаған ауылы, Дәулеткерей көшесі, №2 үй, Үштаған ауылдық клубының ғимараты, телефон: 8/71233/7-21-44. 2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Ескертпе:Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куəландыратын құжат болуы қажет екенін есіңізге саламыз. Білуіңіз қажет! 1. Егер Сіз дауыс беру күні өз елді мекеніңізден тыс жерге баруды жоспарласаңыз, онда Сізде тіркелген жеріңіз бойынша сайлау учаскесіне (а.ж. 07 тамыздан бастап) келіп, есептен шығару куəлігін алуға мүмкіндігіңіз бар. Есептен шығару куəліктерін беру 2026 жылғы 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де тоқтатылады. Есептен шығару куəлігімен Қазақстан Республикасының кез келген басқа елді мекенінде дауыс беруге болады. 2. Егер денсаулық жағдайыңызға немесе отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебіңізге байланысты Сіз дауыс беру үшін өзіңіз тізіміне енгізілген учаскеге келе алмасаңыз, онда 23 тамызда сағат 12.00-ден кешіктірмей, жазбаша өтініш беруіңіз қажет, сосын учаскелік сайлау комиссиясы Сіздің болатын жеріңіз бойынша дауыс беруді ұйымдастырады. Тиісті сайлау комиссиялары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

    Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына, сондай-ақ Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 тамызындағы №47 «Құрманғазы аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері міндеттерінен босату туралы» және №48 «Құрманғазы аудандық учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына уақытша тағайындау туралы» шешімдері негізінде: №172 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Ажгалиева Гульжан Муслимовнаның өкілеттігі тоқтатылып, оның орнына Сәрсембаев Қуандық Сәрсембайұлы уақытша тағайындалды; №178 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Мардашев Амангали Жубановичтің өкілеттігі тоқтатылып, оның орнына Тлемисов Жанибек Каламович уақытша тағайындалды; №181 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Серикова Наиля Рашитовнаның өкілеттігі тоқтатылып, оның орнына Кәкімова Мәдина Пшенбайқызы уақытша тағайындалды. Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партиялардың Құрманғазы ауданындағы сайлаушылармен кездесу кестесі

    Саяси партиялардың Құрманғазы ауданындағы сайлаушылармен кездесу кестесі № Саяси партия Өтетін орны Өтетін уақыты 1 «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясы Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі 10 тамыз 2026 жыл, сағат 11:00 «Өнерпаз» ауылдық мәдениет үйі 10 тамыз 2026 жыл, сағат 16:00 2 “Әділет” партиясы Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі 27 шілде 2026 жыл, сағат: 10:00 «Шабыт» ауылдық мәдениет үйі 3 тамыз 2026 жыл, сағат: 10:00 Еңбекші ауылдық клубы 4 тамыз 2026 жыл, сағат: 10:00 Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектеп 5 тамыз 2026 жыл, сағат: 10:00 Ақкөл ауылдық мәдениет үйі 6 тамыз 2026 жыл, сағат: 10:00 Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп 6 тамыз 2026 жыл, сағат: 15:00 Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта мектеп 7 тамыз 2026 жыл, сағат: 10:00 С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектеп 11 тамыз 2026 жыл, сағат: 10:00 Қиғаш ауылдық клубы 11 тамыз 2026 жыл, сағат: 15:00 Шортанбай ауылдық мәдениет үйі 13 тамыз 2026 жыл, сағат: 10:00 Бөкейхан ауылдық мәдениет үйі 17 тамыз 2026 жыл, сағат: 10:00 Нұржау ауылдық мәдениет үйі 17 тамыз 2026 жыл, сағат: 15:00 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп 18 тамыз 2026 жыл, сағат: 10:00 Сүйіндік ауылдық мәдениет үйі 20 тамыз 2026 жыл, сағат: 10:00 Балқұдық ауылдық клубы 20 тамыз 2026 жыл, сағат: 15:00 Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйі 21 тамыз 2026 жыл, сағат: 10:00 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп 21 тамыз 2026 жыл, сағат: 15:00 3 “Ауыл” партиясы Еңбекші ауылдық клубы 24 шілде 2026 жыл, сағат: 10:00 «Шабыт» ауылдық мәдениет үйі 24 шілде 2026 жыл, сағат: 14:00 Ақкөл ауылдық мәдениет үйі 28 шілде 2026 жыл, сағат: 11:00 Нұржау ауылдық мәдениет үйі 29 шілде 2026 жыл, сағат: 10:00 «Өнерпаз» ауылдық мәдениет үйі 29 шілде 2026 жыл, сағат: 11:30 Шортанбай ауылдық мәдениет үйі 4 тамыз 2026 жыл, сағат: 11:00 Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйі 5 тамыз 2026 жыл, сағат: 11:00 Бөкейхан ауылдық мәдениет үйі 6 тамыз 2026 жыл, сағат: 14:30 Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі 11 тамыз 2026 жыл, сағат: 11:00 Еңбекші ауылдық клубы 11 тамыз 2026 жыл, сағат: 15:00 Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады? Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады. Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтарын қорғау зейнетақы төлемдері бойынша міндеттемелердің орындалмау тәуекелдерін сақтандыру, зейнетақы қорлары мен басқарушы компаниялардың қызметін мемлекеттік қадағалау, сондай-ақ олардың қаржылық тұрақтылығы мен тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеу сияқты тетіктер арқылы қамтамасыз етіледі. Демек, негізгі басымдық тұрақты реттеу жүйесін қалыптастыруға, тиімді қадағалауды қамтамасыз етуге және жауапкершілікті мемлекет, қорлар мен басқарушы компаниялар арасында бөлуге беріледі. АҚШ-та белгіленген төлемдер жүйесіне (Defined Benefits, DB) негізделген корпоративтік зейнетақы жоспарларын Pension Benefit Guaranty Corporation (PBGC)[1] федералдық сақтандыру жүйесі қорғайды. Бұл жүйе жұмыс берушінің қызметкердің зейнетақы жинақтарын қалыптастыру бойынша өз міндеттемелерін орындауға қабілетсіз болған жағдайда, корпоративтік зейнетақы жоспары бойынша (заңда белгіленген шектерде) қызметкер алдындағы зейнетақы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ұлыбританияда мұндай функцияларды Pension Protection Fund (PPF)[2] атқарады. Осыған ұқсас тетіктер Германияда да қолданылады. Бұл ретте осы тәрізді сақтандыру жүйелері тек белгіленген төлемдерге (Defined Benefits, DB) негізделген корпоративтік зейнетақы жоспарларына қолданылады және белгіленген жарналарға (Defined Contributions, DC) негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйелеріне қолданылмайды. Кейбір елдерде зейнетақы жинақтарының ең төменгі кірістілігін қамтамасыз ету тетіктері көзделген. Олар абсолюттік номиналды мәнде де(мысалы, Бельгияда, Швейцарияда, Малайзияда, Сингапурда), сондай-ақ салыстырмалы түрде, яғни белгілі бір бағдарлық көрсеткішпен салыстыру арқылы, мысалы, орташа кірістілікке қатысты (Латын Америкасы елдерінде) белгіленуі мүмкін. Бельгия мен Швейцарияда міндетті кәсіптік зейнетақы қорларындағы кірістіліктің ең төменгі номиналды мөлшерлемесі заңнамамен бекітілген. Ол жұмыс берушінің өз қызметкерінің зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелерін есептеу кезінде пайдаланылады. Латын Америкасының бірқатар елдерінде (Чили, Колумбия, Сальвадор) ең төменгі кірістілік зейнетақы қорларының тиісті түрлері арасындағы орташа кірістілікке қатысты айқындалады. Егер зейнетақы қорын басқарушы (Administradora de Fondos de Pensiones, AFP) ең төменгі кірістілікті қамтамасыз ете алмаса, айырма қалыптастырылған резервтер (кепілдік резерві) есебінен өтеледі. Азияның бірқатар елдерінде де зейнетақы жинақтарының ең төменгі кірістілігіне қатысты талаптар қолданылады. Малайзияда қызметкерлердің жинақтаушы қоры (Employees Pension Fund, EPF) зейнетақы жинақтарының жылдық номиналды кірістілігіне кемінде 2,5% мөлшерінде кепілдік береді. Сингапурда Орталық жинақтаушы қор (Central Provident Fund, CPF) жылына 2,5%-дан 4%-ға дейінгі ең төменгі номиналды кірістілікті (шоттың түріне қарай) қамтамасыз етеді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдердің іс жүзінде барлығында зейнетақы қорлары мен басқарушы компаниялардың қызметі мемлекет тарапынан тәуекелге бағдарланған қадағалауға алынып, капиталдың жеткіліктілігіне, резервтерді қалыптастыруға, тәуекелдерді басқару жүйесіне және клиенттердің активтерін инвестициялық басқарудың кәсіби стандарттарын сақтауға қатысты қатаң талаптар қойылады. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйелері дамыған сайын негізгі басымдық тиімді реттеуге, тәуекелге бағдарланған қадағалауға, сондай-ақ салымшылардың құқықтары мен инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге қарай ауысып келеді. Қазақстанның зейнетақы жүйесі де осы бағытта дамып келеді. Еске сала кетейік, заңнамалық өзгерістер азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Салымшы әртүрлі инвестициялық стратегиялар мен портфельдерді ұсынатын бір немесе бірнеше басқарушы компанияны өз бетінше таңдап, өзінің жинақтарының 100%-ына дейінгі бөлігін олардың сенімгерлік басқаруына бере алады. Инвестициялық мүмкіндіктердің кеңеюі және зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру шараларының іске асырылуымен бірге зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету тәсілдері де өзгеруде. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттің кепілдігі БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл ретте мемлекеттің негізгі міндеттемелері зейнетақының мемлекеттік құрамдас бөлігінің (базалық және ынтымақты зейнетақылардың) жеткіліктілігін сақтауға шоғырландырылады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында). [1] Who we are | Pension Benefit Guaranty Corporation [2] https://www.ppf.co.uk/?utm

    Жарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдіктің жойылуына қатысты келіп түскен сұрақтар бойынша БЖЗҚ төмендегіні хабарлайды. Мемлекет кепілдік береді және реттейді Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына олардың нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде кепілдік береді» деп көзделген. Мемлекеттің зейнетақы активтерінің сақталуына беретін кепілдігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) қызметін реттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк, ҚРҰБ) де, ИПБ-лардың да инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, зейнетақы активтерін орналастыру кезінде оларды әртараптандыру және тәуекелдерді төмендету жөніндегі талаптарды сақтау, сондай-ақ басқа да реттеуші нормалар арқылы қамтамасыз етіледі. Ұлттық Банк зейнетақы активтерін зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді нақты табыстылық алуға бағытталған мақсаттарды басшылыққа ала отырып басқарады. ИПБ-ға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару бойынша заңнамада белгіленген жауапкершілік жүктеледі. Яғни, ИПБ алған номиналды табыстылық пен реттеушінің талаптарына сәйкес есептелген табыстылықтың ең төменгі мәні арасында теріс айырма болған жағдайда, ИПБ осы теріс айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтейді. Мемлекет көпдеңгейлі бақылауды қамтамасыз етеді Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жүйесі көпдеңгейлі мемлекеттік бақылауда қала береді. - Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес (ҰҚБК), оған Мемлекет басшысы төрағалық етеді, зейнетақы активтерін басқару бөлігінде – инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды, басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды зерделеп, БЖЗҚ қызметі туралы жыл сайынғы есептерді қарайды. - ҮкіметҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекітеді. - Ұлттық Банк зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді нақты табыстылық алу мақсатында БЖЗҚ-ның инвестициялық декларациясын әзірлеп, бекітеді. Зейнетақы активтерін басқарады. Бұл ретте Әлеуметтік кодексте әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру саласында мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақтастығы мен ортақ жауапкершілігі қағидаты көзделген. Бұл – халықаралық тәжірибеде де кеңінен қолданылатын тәсіл. Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы Әлеуметтік кодекстің 40-бабына сәйкес, салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ИПБ-лардың басқаруына беру және/немесе оларды Ұлттық Банктің басқаруында қалдыру жөнінде шешімді дербес қабылдау құқығы берілген. 2026 жылғы қыркүйекте салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін заңнамалық өзгерістер де күшіне енеді. Қазіргі уақытта салымшылар міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін ИПБ-лардың басқаруына бере алса, күзден бастап олар ерікті зейнетақы жинақтарын ғана емес, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарын да ИПБ-лардың басқаруына толық көлемде беру мүмкіндігіне ие болады. Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ әртүрлі инвестициялық портфельдерді, яғни ИПБ ұсынатын зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияларды өз бетінше таңдай алады. Бұл портфельдер тәуекел деңгейі, күтілетін табыстылығы және инвестициялау мерзімі бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. ИПБ-лардың инвестициялық басқару тиімділігін бағалау үшін MSCI және Bloomberg сияқты әлемнің жетекші қаржы компаниялары қадағалайтын композиттік индекстер (бенчмарк), сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы» АҚ индекстері қолданылады. ИПБ-лар инвестициялық табыстылықтың белгіленген деңгейіне кепілдік береді. Егер табыстылық нарықтық бенчмарктен төмен болып қалса, ИПБ айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтеуге міндетті. Осылайша, салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтары бойынша әртүрлі инвестициялық активтерді басқарушыларды және әртүрлі инвестициялық стратегияларды (портфельдерді) өз бетінше таңдау құқығына ие. Зейнетақы активтерін басқарудың нарықтық тәсілдері жағдайында инфляция деңгейіндегі мемлекеттік кепілдіктің бұрынғы құқықтық және экономикалық мәні жойылады. Зейнетақы активтерін басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету Зейнетақы нарығындағы бірыңғай инфрақұрылымдық институт – БЖЗҚ, оның акцияларының 100%-ы Үкіметке тиесілі. Салымшылардың өз жинақтарын ИПБ-лардың басқаруына беру құқығын іске асыруына байланысты БЖЗҚ-ның институционалдық міндеті де арта түсті. БЖЗҚ – активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚРҰБ және/немесе ИПБ) барлық салымшылар үшін бірыңғай есептік және ақпараттық орталық, сондай-ақ олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы болып табылады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару бойынша қолжетімді қызметтер мен сервистер ұсына отырып, азаматтардың жинақтары туралы ақпаратты үзінді көшірмелерде тәулік бойы, аптасына 7 күн («24/7») режимінде толық көрсетеді. Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін зейнетақы активтерін басқарудың заманауи цифрлық ресурсы ретінде invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы іске қосылды. Бұл платформа барлық басқарушылардың (Ұлттық Банк пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін салыстыруға мүмкіндік береді. Invest.enpf.kz платформасы табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ белгіленген кезең аралығындағы деректерді динамикада қарап, активтерді басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдерінің нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесі және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі мемлекеттік реттеу, бақылау мен жауапкершілік аясында қала береді. Бұл ретте халықаралық тәжірибеге сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда басқа да қатысушылардың – қызметкер мен жұмыс берушінің де маңызы арта түседі. Анықтама.Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі 28 жылдық қызметі барысында өзінің тұрақтылығы мен орнықтылығын көрсетті. Қазір зейнетақы активтерінің көлемі – шамамен 28 трлн теңге. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің көлемі тұрақты түрде өсіп келеді: егер 2024 жылы оның көлемі 1 трлн теңгеден асса, 2025 жылы 1,5 трлн теңгеге жетті, ал 2026 жылдың 5 айында зейнетақы төлемдері шамамен 917 млрд теңге болды. Жинақтардың жалпы көлеміндегі инвестициялық кірістің үлесі 40%-дан асады. Ұзақ мерзімді кезеңде инвестициялық табыстылық жинақталған инфляция деңгейінен едәуір жоғары. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бастап 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша инвестициялық табыстылықтың жиынтық өсімі 1 095,39%-ды, ал осы кезеңдегі инфляция деңгейі 986,70%-ды көрсетті.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ?

    Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ? 2025 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 76 жасқа жетіп, тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі демографиялық деректер халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық деңгейінің едәуір жақсарғанын көрсетеді. Мәселен, 1991 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 67,6 жасты құраса, 2001 жылы – 65,6 жас, 2011 жылы – 68,98 жас, 2021 жылы – 70,23 жас болды. Осылайша, соңғы үш жарым онжылдықта Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа ұзарды. Өмір сүру ұзақтығының артуы азаматтардың зейнеткерлік кезеңде бұрынғыдан да ұзақ уақыт өмір сүретінін білдіреді. Сондықтан еңбек қызметі аяқталғаннан кейін қалыптасқан өмір сүру деңгейін сақтау үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың маңызы арта түседі. Ең төменгі жеткіліктілік шектерінің ұлғайтылуы азаматтардың болашақта неғұрлым лайықты деңгейдегі зейнетақы алуына және зейнеткерлік кезеңде ұзақ уақыт бойы қаржылық тұрақтылығын сақтауға бағытталған.

    Жарияланды: