Заңнамалық өзгерістерде міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беру мүмкіндігі көзделген. Бұл механизм қалай жұмыс істейді?

    Атырау облысы, Құрманғазы ауданының әкімдігі

    Сұрақ

    Заңнамалық өзгерістерде міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беру мүмкіндігі көзделген. Бұл механизм қалай жұмыс істейді?

    Жауап

    Әлеуметтік кодекстің 40-бабына сәйкес салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру және/немесе оларды Ұлттық Банктің басқаруында қалдыру туралы шешімді дербес қабылдау құқығы берілген.

    2026 жылғы қыркүйекте салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін заңнамалық өзгерістер де күшіне енеді. Егер қазіргі уақытта салымшылар міндетті зейнетақы және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-ына дейін, ал ерікті зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына бере алатын болса, күзден бастап олар ерікті зейнетақы жинақтары сияқты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарын да толық көлемде ИПБ-ның басқаруына бере алады.

    Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ түрлі инвестициялық портфельдерді, яғни зейнетақы активтерін басқару үшін ИПБ ұсынатын инвестициялық стратегияларды өз бетінше таңдай алады. Бұл стратегиялар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленеді.

    Ақшаны ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы белгіленген нысандағы өтінішті беруі қажет. Мұны электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, enpf.kz сайтындағы жеке кабинеті, invest.enpf.kz интернет-платформасы арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруға берілген ИПБ-ның жауапкершілігі қалай қамтамасыз етіледі?

    Жауап

    Салымшы зейнетақы активтерін басқаратын ИПБ-ны және инвестициялық портфельді, яғни тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдауға құқылы. Өз кезегінде, ИПБ-ға зейнетақы активтерін сенімгерлік б...

    Сұрақ

    Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына берудің тиімділігі қандай? Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан таба алады? Басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылауға болады?

    Жауап

    Зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына беру салымшыларға кірістілік тарихы неғұрлым үздік немесе неғұрлым агрессивті инвестициялық стратегия ұсынатын ИПБ-ны таңдау арқылы капиталды ұзақ мерзімді перспективада көбейтуге мүмкіндік береді. БЖЗҚ – зейнетақы нарығынд...

    Сұрақ

    Зейнетақы активтерін кім басқарады?

    Жауап

    Зейнетақы активтерін инвестициялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарын осындай сені...

    Сұрақ

    Зейнетақы активтерін кім басқарады?

    Жауап

    Зейнетақы активтерін инвестициялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарын осындай сені...

    Сұрақ

    Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың зейнетақы жинақтарымен не болмақ? Олардың сақталуына кепілдік беріле ме? Бұл кепілдік немен қамтамасыз етіледі?

    Жауап

    Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіп...

    Сұрақ

    Ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары қандай?

    Жауап

    Айта кету керек, азаматтар ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) өз қалауы бойынша төлейді, олардың мөлшері мен кезеңділігін дербес белгілейді. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін алушы БЖЗҚ-ның зейнетақы ережелеріне сәйкес дербес айқындайды. Бұл – жарналардың осы түрінің...

    Сұрақ

    Ерікті зейнетақы жарналары мұраға қалдырыла ма?

    Жауап

    Зейнетақы жинақтары, оның ішінде ерікті зейнетақы жарналары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның жинақтары Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарынмұраға беру өсиетнемесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған нем...

    Сұрақ

    Ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптасқан төлемдерді қалай және қашан алуға болады?

    Жауап

    Ерікті зейнетақы жарналарынан қалыптасқан төлемдерді қалай және қашан алуға болады? ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Бұдан басқа, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан ратификациялаған халықаралық шартт...