Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына, сондай-ақ Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 тамызындағы №47 «Құрманғазы аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері міндеттерінен босату туралы» және №48 «Құрманғазы аудандық учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына уақытша тағайындау туралы» шешімдері негізінде:
№172 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Ажгалиева Гульжан Муслимовнаның өкілеттігі тоқтатылып, оның орнына Сәрсембаев Қуандық Сәрсембайұлы уақытша тағайындалды;
№178 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Мардашев Амангали Жубановичтің өкілеттігі тоқтатылып, оның орнына Тлемисов Жанибек Каламович уақытша тағайындалды;
№181 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Серикова Наиля Рашитовнаның өкілеттігі тоқтатылып, оның орнына Кәкімова Мәдина Пшенбайқызы уақытша тағайындалды.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы