
Мұғалім Мұрабек Рифхатұлы
Нұржау ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Мұғалім Мұрабек Рифхатұлы, 1985ж.т. 2 шілдеде Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Сафон селосында дүниеге келді.
Ұлты қазақ.
1991-2002 жылдары аралығында Абай атындағы қазақ орта мектебінде оқып бітірді.
2002-2007ж.ж аралығында Х.Досмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің Заң факультетінде оқып Заңгер мамандығын алып шықты.
Университетті оқып жүріп еңбекке араластым.
2004-2006 ж.ж аралығында «Казинформтелеком» ААҚ-ның Атырау филиалында кезекші болып қызмет жасады.
2006-2007 жылдары «Группа 4 Секурикор Қазақстана» ЖШС-да күзетші қызметін атқарды.
28.02.2007 - 12.11.2007 жыл аралығында Атырау облыстық халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор қызметінде болды.
19.11.2007 - 21.01.2008 жылдары Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
21.01.2008 - 15.02.2008 жылдары аралығында Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы. 15.02.2010 – 04.10.2011жылдары Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып қызмет атқардым.
4.10.2011 – 9.01.2017 жылдар аралығында Құрманғазы ауданы әкімі апппаратының жалпы бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
09.01. 2017 жылдан 09.01.2020 жыл Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды.
10.01.2020 жылдан бастап Нұржау ауылдық округі әкімі лауазымын атқарып келеді.
Жанұялы, 4 бала тәрбиелеуде.





