
Әкім
Кумарова Гүлнара Орынбайқызы
Көптоғай ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Кумарова Гүлнара Орынбайқызы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылында 1988 жылы 16 қазанда дүниеге келген. Ұлты қазақ.
Білімі–жоғары.
2007 – 2011 жылдары Атырау қаласындағы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Алғашқы еңбек жолын 2012 жылы Ганюшкин ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман болып бастаған.
2016-2018 жылдары Дыңғызыл ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарған.
2018 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Шортанбай ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман лауазымын атқарған.
2026 жылдың 15 маусымынан бастап Көптоғай ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.




