
Мурзагалиев Мақсат Саламатұлы
Асан ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Мурзагалиев Максат Саламатович 1989 жылы 18 мамырда Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Ганюшкино селосында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі - жоғары.
1995 – 2006 жылдар аралығында Асан ауылы, Б.Момышұлы атындағы қазақ орта мектебінде білім алып, Атырау қаласында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетін 2006 – 2011 жылдар аралығында «маркетинг» жөніндегі менеджер мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2011 – 2012 жылдары аралығында Атырау қаласында ЖШС «Bat – AS Service » қамтамасыз ету жөніндегі менеджер қызметін атқарды.
2012 – 2014 жылдары аралығында ЖШС «Bat – AS Service» қамтамасыз ету жөніндегі бөлім басшысы қызметін атқарды.
2014-2021 жылдары Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Асан ауылдық округ әкімінің аппаратында бас маман қызметін атқарды.
28.07.2021 жылдан қазіргі кезге дейін Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Асан ауылдық округ әкімі қызметін атқаруда.
«Nur Оtan» партиясының мүшесі. Отбасылы.





