
Утешов Қадыржан Дүйсенбайұлы
Ақкөл ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Утешов Қадыржан Дүйсенбайұлы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылында 1981 жылы 2 желтоқсанында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі–жоғары.
1998 – 2000 жылдары Астана қаласындағы Ақмола қаржы-экономика колледжін «Қаржы» мамандығы бойынша;
2000 – 2003 жылдары Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Бахгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Алғашқы еңбек жолын 2001 жылы «Каспий Балық» өндірістік кооперативінде есепші ретінде бастаған.
2003-2005 жылдары аудандық жастар, туризм және спорт бөлімінде және аудандық кешкі мектепте есепші;
2005 – 2009 жылдары аудандық қазынашылық бөлімінде бас маман;
2009 – 2010 жылдары Орлы ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман;
2010 – 2015 жылдары Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінде, ұйымдастыру-кадр бөлімінде бас маман, бөлім басшысы;
2015 – 2022 жылдары Құрманғазы ауданы әкімінің бас инспекторы;
2022 жылдан бастап Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімі басшысының қызметін атқарған.
2025 жылдың 16 шілдесінен бастап Ақкөл ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.





