
Тұраров Рауан Ерланұлы
Басшының орынбасары
Өмірбаян
Рауан Ерланұлы Тұраров 1989 жылы 28 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген.
Үйленген, 3 баласы бар.
Қазақ, білімі жоғары: 2011 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экология» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылдың қазан айында ШҚО, Өскемен қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында Экологиялық реттеу бөлімінің инженер-экологы болып бастады, 2012 жылдың мамыр айынан сараптамалық қорытынды бойынша әдіскер, сол жылдың қараша айынан бас маманның м.а. және 2013 жылдың қаңтар айынан осы басқарманың бас маманы болып жұмыс істеді.
2013 жылдың наурыз айынан бастап қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің ШҚО бойынша экология департаментінде, Өскемен қаласында негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2013 жылғы қыркүйектен 2014 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Қоршаған орта министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экологиялық сараптама және рұқсаттар басқармасының сарапшысы болып жұмыс істеді.
2014 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экологиялық сараптама және рұқсаттар басқармасының сарапшысы, сол жылдың қараша айында осы басқарманың бас сарапшысы қызметін атқарды.
2016 жылдың мамыр айынан бастап Астана қ. «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация» Коммерциялық емес акционерлік қоғамында стратегиялық жоспарлау және теңдік департаменті директорының орынбасары, сол жылдың тамыз айында осы Департаменттің стратегиялық жоспарлау, дамыту және трансформациялау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2017 жылдың мамыр айынан бастап шілде айына дейін Астана қ. "Green Benefits" ЖШС экологиялық жобалаудың бастығы болып жұмыс істеді.
2017 жылдың шілде айынан бастап 2019 жылдың сәуір айына дейін Астана қ. «Геоинвест-F» ЖШС стратегиялық жоспарлау және даму департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды.
2018 жылдың наурыз айынан 2019 жылдың наурыз айына дейін Астана қ. «Business Development Group Telematics» ЖШС қоғаммен байланыс және БАҚ бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2019 жылдың мамыр айынан бастап Қарағанды қ. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ Экологиялық реттеу бөлімі басшысының м. а. лауазымында болды, шілде айында осы бөлімнің басшысы лауазымын атқарды.
2019 жылдың тамыз айынан бастап 2020 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ экологиялық реттеу бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2020 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» басшысының орынбасары, ШҚО бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспектор болып тағайындалды.
Мемлекеттік қызметтің жалпы өтілі 9 жыл.





