Латыпов Арсен Хасенұлы

    Басшы

    Латыпов Арсен Хасенұлы
    Руководитель

    Латыпов Арсен Хасенұлы

    Басшы

    Өмірбаян

    Арсен Хасенович Латыпов 1986 жылы 2 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 2004 жылы М.Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығы бойынша оқуға түсткен, 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университіне ауысқан;

    2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Халықаралық экология» мамандығы бойынша магистратураға түсті;

    2014 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Экономика және бизнес» мамандығына түсті.

    Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан метрология институты» РМК, қабылдау бюросының маманы, Астана қаласы;

    2010 жылы Астана қаласындағы «Қазақстан метрология институты» РМК, ғылыми зерттеулер және ақпараттық қызмет көрсету зертханасының I санаттағы маманы болып жұмыс атқарды;

    2010-2011 жылдары аралығында «Қазақстан метрология институты» РМК, № 4 зертханасының II санаттағы сарапшысы болды;

    2011 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақстан метрология институты» РМК, қабылдау бюросында қызмет етті;

    2011 жылдың наурыз айынан бастап келісім бойынша «Қазақстан метрология институты» РМК-ның «Қазақстандық Тексеру қызметі» Еншілес мемлекеттік кәсіпорнында маман болды;

    2011-2012 жылдары аралығында «Атмосфера ауасын қорғаудың республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-де ғылыми аға-қызметкер ретінде жұмыс атқарды;

    2012 жылдың сәуірден бастап «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Есіл экология департаменті» ММ-де мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімінің жетекші маманы м.а., Астана қаласы;

    2012 жылдың мамыр айынан бастап «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Есіл экология департаменті» ММ-де, мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы;

    2012 жылдың шілде айынан бастап «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Есіл экология департаменті» ММ-де, мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімінің жетекші маманы м.а., Астана қаласы;

    2012-2013 жылдары аралығында «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Астана қаласы бойынша экология департаменті» ММ-де мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы;

    2013-2014 жылдары аралығында «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Астана қаласы бойынша экология департаменті» ММ-де мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;

    2014 жылдаң ақпан айынан бастап «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті» РММ, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;

    2014 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшысының м.а., Астана қаласы;

    2014-2016 жылдары аралығында «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті» Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшысы, Астана қаласы;

    2016-2018 жылдары аралығында мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшысы, Астана қаласы;

    2018-2019 жылдары аралығында «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті экологиялық реттеу басқармасының» бас сарапшысы, Астана қаласы;

    2019 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» лицензиялау басқармасының бас сарапшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;

    2019-2020 жылдары аралығында «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті» экологиялық мониторинг басқармасының басқарма басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;

    2020 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы С. Нұрлыбайдың бұйрығымен «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті» РММ-нің басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

    2022 жылдың 9 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы бойынша экология департаменті басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері