
Өмірбаян
Ш.Ж.Кушкимбаев 1985 жылы Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тоқмансай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003-2007 жылдары Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде «Информатика» мамандығы бойынша білім алып, 2013 жылы сол университеттің «Информатика» мамандығына магистритураға түсіп, 2015 жылы «Жаратылыстану ғылымдарының магистрі» дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2007 жылы қыркүйек айында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің инженер-бағдарламашысы ретінде бастады.
04.2008-04.2009 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында азаматтық борышын өтеген.
2009-09.2013 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің инженер-бағдарламашысы, 1 дәрежелі бағдарламашы, жоғарғы дәрежелі бағдарламашы, бағдарламалау тобы жеткешісінің орынбасары;
2013-09.2015 ЖШС «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай Бұрғылау Компаниясында инженер-бағдарламашы;
2015-12.2016 «Тоқмансай негізгі мектебі» ММ-де Информатика пәнінің мұғалімі;
2016-01.2018 «Тоқмансай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де жетекші маман;
2018-07.2021 ЖШС «Нефтестройсервис Лтд» жоспарлау инженері ретінде қызмет атқарды.
2021 жылдың шілде айынан бастап «Тоқмансай ауылдық округі» әкімі қызмететінде жұмыс жасайды.





