
Өмірбаян
К.С. Даулеталин 1978 жылы 31 шілдеде Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бесқоспа ауылында дүниеге келген, отбасылы.
Білімі жоғары, 1997 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық университетінің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Алға қаласындағы В. Пацаев атындағы № 2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2001-2005 жылдар аралығында Алға аудандық білім бөлімінің әдіскері, 2005-2006 жылдары Алға қаласындағы В. Пацаев атындағы № 2 орта мектебінің әдіскері, 2006 жылы Алға ауданы Бесқоспа орта мектебінің директоры, 2009 жылы Алға ауданы Бестамақ орта мектебінің директоры лауазымында жұмыс жасаған.
2016 жылдың 28 желтоқсанында Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған.





