
Еламан Миржан Асқарұлы
Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімдігі
Өмірбаян
Еламан Миржан Асқарұлы 1986 жылы 28 қарашада Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы Талдысай ауылында дүниеге келген.
2004-2006 жж. Ақтөбе экономика және статистика колледжіне, 2006-2009 жж жылы Алматы экономика және статистика академиясына оқуға түсіп, «Есеп және аудит» мамандығын алып шыққан.
2006-2007 жж. «КазГражданСтрой» ЖШС жабдықтау менеджері, 2007-2008 жж. «СНПС-АМГ» АҚ МКБ Қаржы департаментінде кіріс есепшісі, 2008-2013 жж. «СНПС-АМГ» АҚ МКБ жабдықтау бойынша экономисі, 2013-2015 жж. «СНПС-АТК» ЖШС сатып алу департаментінің экономисі , 2015-2018 жылдар аралығында «СНПС-АТК» ЖШС өндірістік-техникалық департаментінің инженері, 2018-2019 жж. «СНПС-АТК» ЖШС жол қауіпсіздік инженері, «АқылСтройСервис» ЖШС директорының орынбасары, 2019-2020 жж. «Ақыл Строй Сервис» ЖШС директоры лауазымында қызметтер атқарған. 2020 жылдың 23 маусымында Маржанбұлақ а/о әкімі болып тағайындалды. Үйленген, төрт баласы бар.





