
Өмірбаян
Бақытжанұлы Жандарбек – 1987 жылы 15 шілдесінде Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2011 ж. - Ақтөбе облысы, Қазақ-орыс халықаралық университетінің құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы – «Ақтөбе облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ реттеуші залының инспекторы болып бастаған, 2010 - 2016ж. – Алға аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының реттеу залының басшысы 2016 - 2020 жылы Алға аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары болды.
2020 жылдың 16 маусымынан бастап 2021 жылдың 3 маусымына дейін «Алға ауданы әкімінің аппараты» ММ Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2021 жылдың 3 маусымынан бастап Бесқоспа ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.





