
Тлеуов Асхат Ниязбекович
Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Тлеуов Асхат Ниязбекұлы, 1994 жылы 25 сәуірде Қарағанды облысы Бұхар Жырау ауданы Ботақара кентінде туылды.
2016 жыл академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алды.
Жұмыс жолын 2016 жылы «Бұқар Жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ аудан әкімі орынбасарының хатшы-референті ретінде бастады.
2017 жылғы «Бұқар Жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау секторының экономисті болып жұмыс істеді.
2018 жылы «Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ экономиканы дамыту бөлімінің бас маманы болды. Содан кейін, сол жылы «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бөлімінің бас маманы лауазымына ауысты.
2019 жылдан бастап 2022 жыл аралығында «Қарағанды облысының экономика басқармасы» ММ экономикалық талдау бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.
2022 жылдан бастап 2023 жыл аралығында «Қарағанды облысының экономика басқармасы» ММ экономикалық талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы болды.
2023 жылдан бастап 2026 жыл аралығында «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы лауазымын атқарды.
2026 жылғы 13 сәуірден бастап осы уақытқа дейін Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқаруда.




