Өмірбаян
Юрий Петрович Шидловский 18.11.1977 жылы Кокчетав облысының Боровое кентiнде туған.
Оқжетпес орта мектебiн аяқтаған соң 1994 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола Аграрлық университетiнiң Жерге орналастыру факультетiнiң күндiзгi бөлiмiне оқуға түстi, оны 1999 жылы сәттi аяқтады. Соңғы жылдары Ақмола политехникалық колледжiнiң экономика бөлiмiн және ҚР IIМ Қарағанды заңгерлiк институтының факультетiн сырттай оқып тәмамдады.
Еңбек жолын 1991 жылыдың шiлдесiнен «Оқ-Жетпес» шипажайында бастады, оқып жүрген кезеңiнде 1993-1998 жылдар аралығында «Соболь-Синегорья» кооперативiнде (Бурабай кентi), «КСС-Акмола» ЖШС (Ақмола қаласы) еңбек еттi.
2000 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органында жол және жол-патрульдiк полиция құрылымында қызметтен өттi, арнайы атағы- запастағы полиция полковнигi.
2019 жылдың маусымынан «Көкшетау қаласының ТҮКШ, ЖТ және АЖ бөлiмi» ММ-сi басшысының мiндетiн атқарды.
23.08.2019 жылдан Көкшетау қаласының ТҮКШ, ЖТ және АЖ бөлiмi» ММ-сi басшысы лауазымына тағайындалды.
Үйленген, қыз баласын тәрбиелейдi.
2019 жылдың «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кестесi
| № | Басшының тегі, аты-жөні | Лауазымы | Қабылдау күндері және сағаты |
| 1 | Юрий Петрович Шидловский | Басшы | Айына 2 рет бейсенбі күндері 16:00-ден 18:00-ге дейін |





