
Өмірбаян
Бөлiм басшысы — Аленов Еркеш Төлегенұлы 1961 жылы 7 қыркүйекте Ақмола облысы, Зерендi ауданы, Бұлақ ауылында дүниеге келген.
1995 жылы С.Сәдуақасов атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном мамандығы бойынша аяқтаған.
1978-1980 жж. — аралығында Көкшетау қаласы, Көкшетау мемлекеттiк ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясының оқушысы болған.
1980-1982 жж. — кеңес армиясы қатарында қызмет, Ресей, Хабаровск қаласы.
1982-1985 жж. аралығында Көкшетау қаласы, Көкшетау мемлекеттiк ауылшаруашылығы тәжiрибе станциясында оқыған.
1985 жылдан 1986 жылға дейiн «Симферопольский» кеңес шаруашылығының мал шаруашылығы есеп бойынша бригада басшысының көмекшiсi, Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы, Бұлақ ауылы.
1986 жылдан 1987 жылға дейiн «Симферопольский» кеңес шаруашылығының құрылыс участкесiнiң жұмысшысы.
1987 жыл мен 1988 жыл аралығында «Симферопольский» кеңес шаруашылығының трактор-егiншiлер бригадасы бригадирiнiң көмекшiсi.
1988 жылдан 1992 жылға дейiн «Симферопольский» кеңес шаруашылығының трактор-егiншiлер бригадасы бригадирi.
1992 жылдан 1995 жылға дейiн «Симферопольский» кеңес шаруашылығының трактор-егiншiлер бригадасының басшысы.
1995 жыл мен 1998 жыл аралығында «Булак» iрiлендiрiлген шаруашылық қожалығының директоры.
1998 жыл мен 2003 жыл аралығында «Жiгер-А» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры, Ақмола облысы, Зерендi ауданы, Бұлақ селосы.
25.02.2003-03.04.2003 жж. — Зерендi ауданы, Симферополь селолық округi әкiмiнiң мiндетiн атқарушысы.
2003 жылдан 2013 жылға дейiн Зерендi ауданы, Симферополь селолық округiнiң әкiмi.
08.08.2013-06.11.2013 жж. — Зерендi ауданы, Симферополь селолық округi әкiмiнiң мiндетiн атқарушысы.
2013 жылдан 2014 жылға дейiн Зерендi ауданы, Симферополь селолық округiнiң әкiмi.
2014 жылдың 10 қазанынан 2016 жылдың 20 маусымына дейiн Зерендi ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң басшысы.
2016 жылдың 20 маусымынан бастап Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң басшысы болып тағайындалды.
Азаматтарды жеке мәселелерi жөнiнде қабылдау: сәрсенбi сағ.16.00-сағ.18.00.





