Шұқатова Гүлмира Темiрболатқызы Гүлмира Темiрболатқызы

    Руководитель отдела

    Шұқатова Гүлмира Темiрболатқызы Гүлмира Темiрболатқызы
    Руководитель отдела

    Шұқатова Гүлмира Темiрболатқызы Гүлмира Темiрболатқызы

    Руководитель отдела

    Өмірбаян

    Бөлiм басшысы — Шұқатова Гүлмира Темiрболатқызы 1972 жылдың 19 шiлдесiнде Кокчетав облысы Кокчетав ауданы Молодежное селосында дүниеге келген.

    1990 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын тәмамдаған. 2003 жылы Көкшетау университетiн қаржы және несие мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 1991 жылы бағыттау бойынша «Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi» ММ бастаған. 2005 жылға дейiн осы мекемеде бас маман қызметiн атқарған.

    2005 жылдан 2011 жылға дейiн бюджеттiк саясат секторының меңгерушiсi болып, 2011 жылдан 2015 жылға дейiн «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ басшының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

    2015 жылдың маусымында «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ басшысы лауазымына тағайындалды.

    «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi»
    мемлекеттiк мекемесi туралы
    ЕРЕЖЕ

    1.«Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

    2.«Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк-құқытық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    3.«Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақмола облысының Қазынашылық Департаментiнде есеп шоты бар.

    4.«Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

    5.«Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқытық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

    6.«Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң сұрақтары бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлер мен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

    7.«Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

    8.«Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң орналасқан жерi — индексi 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 141.

    9.Мемлекеттiк органның толық атауы — «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.

    10.Осы Ереже «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

    Көкшетау қаласы әкiмдiгi түрiнде болады. Мемлекеттiк мекеменiң

    11.«Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

    12.«Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсу тыйым салынады.

    Егер «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

    Мемлекеттiк органның миссиясы мен негiзгi мiндеттерi,

    функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

    13.«Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы:

    1)қалалық деңгейде стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлауды жүзеге асыру;

    2)стратегиялық, әлеуметтiк-экономикалық және бюджеттiк жоспарлау мәселелерiнде мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру бойынша өңiрлiк үйлестiрудi жүзеге асыру;

    «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң мiндеттерi:

    1) стратегиялық жоспарлау саласында және қаланы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негiзгi басымдарын қалыптастыруда мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;

    2) бюджеттiк жоспарлау саласында және қаланының бюджеттiк саясатының негiзгi басымдарын қалыптастыруда мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;

    «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары:

    1) қаланы дамыту бағдарламасын әзiрлеу, түзету, мониторинг жасауды жүзеге асыру және оны жүзеге асыру бойынша iс-шаралар жоспары;

    2) қаланы әлеуметтiк-экономикалық даму Болжамының жобасын өндеу;

    3) қаланы әлеуметтiк-экономикалық даму төлқұжатын дайындау.

    4) қаланы әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламалары мен болжамын өндеу бойынша қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының жұмысын үйлестiру, оларды жүзеге асыру бойынша есептер;

    5) стратегиялық жоспарларды өндемейтiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерi бюджеттiк өтiнiмдер, бюджеттiк бағдарламалар жобалары бойынша қарастыру, бағалау және қорытындыларды дайындау, және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiнiң бюджеттiк инвестициялар басымдары бойынша ұсыныстар;

    6) тиiстi кезеңге бюджеттi бекiту және нақтылау туралы жергiлiктi бюджеттiң жобасын әзiрлеу;

    7) тиiстi кезеңге жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiн жүзеге асыру туралы қалалық әкiмдiк қаулысының жобасын әзiрлеу;

    8) басымды бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн жасау;

    9) жергiлiктi бюджетке болжамды түсiмдер;

    10) қаланың бюджеттiк комиссия жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

    11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмiне жүктелген басқа мiндеттердi iске асыру.

    «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң құқықтары мен мiндеттерi:

    1)Көкшетау қаласының әкiмдiгiне қаланың дамыту басымдығы, стратегиясы, мақсаты туралы ұсыныс енгiзу;

    2)қаланың стратегиялық дамуын жергiлiктi атқарушы органдардың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру;

    3)қаланың стратегиялық дамуына кедергi келтiретiн қабылданған актiлердi өзгертуге немесе есептен шығару үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға ұсыныс жасау;

    4)жергiлiктi ұйымдар мен атқарушы органдардан белгiленген мерзiмде ақпараттар сұрау және алу;

    5)мемлекеттiк мекеменiң құзырына жататын мәселелер бойынша белгiленген тәртiпте жиналысқа шақыру.

    Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

    «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады. «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысын Көкшетау қаласының әкiмi лауазымға тағайындап және лауазымнан босатады. «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады. «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

    1) «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi атынан сенiмхатсыз жұмыс iстейдi;

    2) барлық ұйымдарда «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң мүддесiн ұсынады;

    3) сенiмхат бередi;

    4) мемлекеттiк мекеменiң штат кестесi мен құрлымын бекiтедi;

    5) қызметкердердiң қазақстандық және шетел оқу орталықтарында бiлiм алуы және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтеру, машықтану, iс-сапарлар бойынша мемлекетiк мекеменiң жоспары мен тәртiбiн бекiтедi;

    6) барлық қызметкерлерiне орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және тапсырмалар бередi;

    7) «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне қызметкерлердi қабылдап, жұмысынан босатады;

    8) «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi қызметшiлерiне мадақтау шаралары және тәртiп жазалары қолданады;

    9) «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi қызметшiлердiң мiндеттерiн белгiлеп және өкiлеттiлiгiн тағайындайды;

    10) жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыстарды жүргiзуге мiндеттi және оған жеке жауапкершiлiк тартады;

    11) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және осы Ережемен жүктелген басқа да жұмыстарды жүзеге асырады.

    «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған жоқ кезенде оның өкiлеттерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

    Бiрiншi басшы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

    Мемлекеттiк органның мүлкi

    «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

    «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

    «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

    Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

    «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ басшысы

    Бөлiм басшысы — Шұқатова Гүлмира Темiрболатқызы 1972 жылдың 19 шiлдесiнде Кокчетав облысы Кокчетав ауданы Молодежное селосында дүниеге келген.

    1990 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын тәмамдаған. 2003 жылы Көкшетау университетiн қаржы және несие мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 1991 жылы бағыттау бойынша «Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi» ММ бастаған. 2005 жылға дейiн осы мекемеде бас маман қызметiн атқарған.

    2005 жылдан 2011 жылға дейiн бюджеттiк саясат секторының меңгерушiсi болып, 2011 жылдан 2015 жылға дейiн «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ басшының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

    2015 жылдың маусымында «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ басшысы лауазымына тағайындалды.

    2020 жылдың
    Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде
    азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау КЕСТЕСІ

    График
    приема граждан по личным вопросам
    в отделе экономики и бюджетного планирования города Кокшетау
    в 2020 году

    № кабинета Қабылдау күні мен уақытыДни и время приема
    Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысыРуководитель отдела экономики и бюджетного планирования города КокшетауШұқатова Гүлмира Темірболатқызы 309 Апта сайын сәрсенбі күніЕженедельно в среду16.00 – 18.00
    Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасарыЗаместитель руководителя отдела экономики и бюджетного планирования города КокшетауҚабдоллаева Әсем Қасымтайқызы 303 Апта сайын жұма күніЕженедельно в пятницу16.00 – 18.00

    Көкшетау қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау

    бөлiмiнiң басшысы мен орынбасарының қабылдауына жазылу

    бөлiмнiң бас маманымен жүргiзiледi:

    Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 141 үй, № 305 кабинет

    байланыс телефоны: 29-78-47

    Басшының сенiм телефоны 29-79-09

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері