Құсайынова Гүлнар Елубайқызы

    Руководитель отдела

    Құсайынова Гүлнар Елубайқызы
    Руководитель отдела

    Құсайынова Гүлнар Елубайқызы

    Руководитель отдела

    Өмірбаян

    Бөлiм басшысы — Құсайынова Гүлнар Елубайқызы

    1966 жылы 6 қаңтарда Көкшетау облысы Көкшетау қаласында дүниеге келдi.

    1987 жылы Алматы қаласындағы Халық шаруашылық институтын бiтiрдiм.

    Еңбек қызметi:

    08.1987 — 02.1993 Көкшетау қаласының қалалық тұрмыстық комбинатында экономист.

    02.1993 — 04.1998 Көкшетау қалалық қаржы бөлiмiнiң бас есепшiнiң орынбасары

    04.1998-11.2000 Көкшетау қалалық қаржы бөлiмiнiң бухгалтерлiк есеп және есептiлiк бөлiмiнiң бас маманы

    11.2000-02.2005 Көкшетау қ. қаржы бөлiмi мемлекеттiк аппаратты және құқық қорғаушы органдарды қаржыландыру бөлiмiнiң басшысы

    02.2005-09.2007 Көкшетау қаласы қаржы бөлiмiнiң бюджеттiк саланы қаржыландыру бөлiмiнiң бас маманы

    09.2007-12.2010 Көкшетау қаласы қаржы бөлiмiнiң нақты секторды қаржыландыру және ақшалай қорларды басқару бөлiмiнiң басшысы

    12.2010-03.2012 «Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi» ММ бастығының орынбасары

    03.2012 — осы уақытқа дейiн «Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi» ММ басшысы.

    Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 141

    Байланыс телефоны: 8(7162) 29-78-48

    Электронды пошта: [email protected]

    2020 жылдың
    «Көкшетау қаласының қаржы бөлімі» ММ
    заңды тұлғалар мен азаматтарды
    қабылдау кестесі

    Т.А.Ж. Лауазымы Қабылдау уақыты
    Құсайынова Гүлнар Елубайқызы Бөлім басшысы Сәрсенбі 17:00-ден 18:30-ға дейін
    Хасенов Шыңғыс Өмірбекұлы Басшысының орынбасары Сәрсенбі 17:00-ден 18:30-ға дейін

    «Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

    1.Жалпы ережелер

    1.«Көкшетау қаласының каржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Бөлiм) қалалық коммуналдық мүлкiн басқару және бюджеттiң атқарылу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

    2.Бөлiм өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына, Конституциясына, Президенттiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    3. Бөлiм мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық формадағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде жазылган өзiнiң атауымен мөрi мен мөртабаны, белгiленген үлгiдегi бланкi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес — қазынашылық органда шоты бар.

    4.Бөлiм өз атынан азаматтық -құқылық қарым-қатынасқа түсе алады.

    5. Бөлiм мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кiрiсе алады, егер ол оларға заңнамаларға сәйкес уәкiлеттi болса.

    6.Бөлiм заңнамалармен белгiленген тәртiпте өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Бөлiм басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да актiлерiмен әзiрленетiн шешiм қабылдайды.

    7.Бөлiмнiң құрылымы және штат санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес бекiтiледi.

    8.Заңды тұлганың орналасқан жерi: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 141.

    9.Мемлекеттiк мекеменiң толық атауы:

    мемлекеттiк тiлде: «Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi;

    орыс тiлiнде: Государственное учреждение «Отдел финансов города Кокшетау».

    10.Бұл Ереже Бөлiмнiң құрушы құжаты болып табылады.

    11.Бөлiмнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

    12.Бөлiмге Бөлiмнiң функциясы болып табылатын мiндеттемелерiн атқару затына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен келiсiм қатынастарына түсуге тыйым салынады.

    Егер Бөлiмге заңнамалық актiлермен табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы ұсынылатын болса, онда бұндай қызметтен алынган табыстар мемлекеттiк бюджеттiң табысына жолданады.

    2.Мемлекеттiк органның миссиялары, негiзгi тапсырмалары, функциялары, құқықтары және мiндеттерi

    13.Миссиясы: тура және соңғы нәтижелерiне жетуге бағытталған бюджеттiң анық атқарылуын және қаланың коммуналдық меншiгiн тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету.

    14.Бөлiм тапсырмалары:

    1)қалалық бюджеттiң атқарылу рәсiмiн ұйымдастыру;

    2)қалалық бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджеттiк багдарлама әкiмгерлерiнiң қызметiн үйлестiру;

    3)мемлекеттiк коммуналдық меншiк активтерiнiң қозғалыс есебiн жүргiзу және реттеу;

    4)жекешелендiру мен коммуналдық меншiк объектiлерiмен бөлiмнiң мемлекеттiк саясатын жүзеге асырады;

    15. Бөлiм функциялары:

    1)қалалық бюджеттiң атқарылуын үйлестiру, қалалық бюджеттiң атқарылуы бойынша есептеменi қалыптастыру және бюджеттiк есептi жүргiзу;

    2)бюджеттiк ақшаларды басқару;

    3)қызмет көрсету, мониторинг және бюджеттiк несие есебi;

    4)түсiмдер мен қаржыландырудың түсiмдер бойынша жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекiту және жүргiзу, оларга толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу;

    5)қалалық бюджеттiң бюджеттiк қаражаттарының түсiмi мен игерiлуi бойынша бюджеттiк мониторингiсiн, республикалық жэне облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердi және несиелердi жүзеге асыру, қалалық бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң орындалуы туралы талдамалы есептi қалыптастыру;

    6)түсiмдердiң жиынтық жоспарын және мемлекетгiк мекемелердiң тауарды (жұмыс, қызмет) сатудан түскен, олардың қарамағында қалатын, ақша шығынын келiсу;

    7)қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын ашуға рұқсатнама беру, мемлекеттiк мекемелерге кодтар беру және жабу;

    8)бюджет қаражаттарын басқару бойынша қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдi бағалауын жүргiзу;

    9)өтiмдi қарастыру жэне шұғыл шығындарға арналған жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен қаражат бөлу туралы қорытынды беру;

    10)мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ұсынылатын мемлекеттiк сатып алу үдерiсi және есебi жөнiнде мониторинг өткiзу;

    11)бөлiмнiң қызметiн және сақталуын қамтамасыз ету;

    12)бюджеттiк жүйеде бюджеттiк және бухгалтерлiк есептi және есептiлiктi дамытуда және жетiлдiруде қатысу;

    13) қала бюджетiнiң атқарылуы бойынша есептi және мемлекеттiк мекемелердiң дебиторлық жэне кредиторлық қарыздары бойынша есептi дайындау;

    14)Бөлiмнiң бюджеттiк бағдарламаларын әзiрлеу және оны бекiтуге қала әкiмдiгiне ұсыну, Бөлiмнiң бюджеттiк бағдарламасына өзгерiстер және толықтырулар енгiзу;

    15)Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiне сәйкес жоғары тұрған уәкiлеттi органға және мемлекеттiк органға қалалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық, айлық есептi ұсыну;

    16)жоғары түрған бюджеттен алдырту арқылы ақшалардың алуын ұйымдастыру;

    17)сатып алу-сату келiсiм-шарттары бойынша жекешелендiрiлуден кейiнгi бақылау бойынша комиссия шешiмiнiң негiзiнде оларға түзетулер жасау мақсатында қосымша келiсiмдерiнiң дайындалуын ұйымдастыру;

    18) өзiнiң құзырет шегiнде коммуналдық мүлiктi басқару саласында нормативтiк құқықтық актiлер жобасын дайындау;

    19)өзiнiң құзырет шегiнде қаланың коммуналдық мемлекеттiк заңды тұлғаларына бекiтiлген негiзгi құрал-жабдықтардың iстен шығуы және қабылданып-тапсырылуы жөнiндегi мәселелердi келiсу;

    20) шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың таза кiрiстер бөлiгiн, сонымен қатар сметадан тыс алынған қала әкiмдiгiнiң коммуналдық меншiгiнде тұрған қазыналық кәсiпорындардың кiрiстерiн, акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакетiне үлес-пайдаларын, сонымен қатар мемлекеттiң қатусуымен серiктестiктердегi мемлекеттiң қатысу үлесiне таза кiрiсiн бекiтiлген кестеге сәйкес есеп жылының қорытындысы бойынша қала бюджетiнiң табысына уақытында және толық есептелуiне және аударылуына бақылауды жүзеге асыру;

    21)Көкшетау қаласының мемлекеттiк коммуналдық заңды тұлғалардың мүлiктерiнiң есебiн ұйымдастыру;

    22) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына сәйкес қаланың коммуналдық мүлiгiн жекешелендiру бойынша сауда өткiзу туралы хабарламаларды жариялау үшiн баспасөздi мерзiмде шығарылуын анықтау жөнiнде конкурс еткiзу;

    23) коммуналдық мүлiктiң жекешелендiруiн жүзеге асыру, сонымен қатар жекешелендiру үдiрiсiн ұйымдастыру үшiн делдалды тарту, жекешелендiру нысандардын бағалауын қамтамасыз ету, жекешелендiру нысандарын сатып алу-сату келiсiмiн жасау және дайындауын және сатып алу-сату келiсiмiнiң шарттарының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;

    24)ауданның коммуналдық мүлiгiн жеке түлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығнсыз, кейiннен сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), сенiмгерлiкпен басқаруға бередi;

    25)Көкшетау қаласының коммуналдық мүлiгiн басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

    26)тендер шарттарымен қаланың коммуналдық мүлiгiн мүлiктiк жалға немесе сенiмдi басқаруға тапсыру, сауда өткiзу бойынша ведомствааралық комиссия құрамы жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

    27) қаланың коммуналдық мүлiгiн сенiмдi басқару келiсiмi бойынша мiндеттемелердi сенiмдi басқарушымен орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

    28) қаланың коммуналдық меншiгiне айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен иесi жок деп танылған, мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткiзiлген иесiз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени қүндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердiң үлестерiн есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрi пайдалануды ұйымдастырады;

    29) Көкшетау қаласының коммуналдық меншiк нысандарын сату алдындағы дайындықтар бойынша жұмыстарды жүргiзу, өзiнiң құзырет шегiндегi сатып алу-сату, мүлiктiк жалдау, сенiмдi басқару және басқа да келiсiм-шарттарын әзiрлеу және жасау, сонымен қатар осы келiсiм шарттарының орындалуына, жалға төлем мөлшерiнiң төленуiне бақылауды жүзеге асыру;

    30) мемлекеттiң қатысуымен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, акционерлiк қоғам жэне мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының қаржьлық-шаруашылық қызметiнiң (даму) жоспарының орындалуына талдау жүргiзу;

    31) қала әкiмдiгiнiң коммуналдық мүлiгiн мүлiктiк жалдау (жалға), қаланың коммуналдық мүлiгiн сатудан ақшалай қаражатты қала бюджетiнiң табысына толық және уақытында түсуiне бақылауды жүзеге асыру, қарыздарды өндiрiп алу бойынша шаралар қабылдау;

    32) қаланың коммуналдық мүлiгiн коммуналдық заңды түлғалардың атына тапсыру және/немесе бекiту бойынша қала әкiмдiгi қаулысының жобасын әзiрлеу;

    33) мемлекеттiк ұйымдардың балансынан негiзгi құралдарды есептен шығару бойынша жұмыстарды жүргiзудi жүзеге асырады, мемлекеттiк меншiк нысандарына меншiк құқығын анықтауды жүзеге асырады;

    34)қаланың коммуналдық мүлiгiн пайдалануына және сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;

    35)жекешелендiру облыстың жергiлiктi атқарушы органының алдын-ала келiсуiмен жүзеге асырылатын қаланың коммуналдық мүлiгiнiң объектiлер тiзiмiне жататын Көкшетау қаласының коммуналдық мүлiгiн жекешелендiру бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органынан алдын-ала келiсiм алу;

    36)аудандық коммуналдық мүлiгiн мемлекеттiк заңды тұлғаларға өтеусiз пайдалануға ұсыну;

    37) Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң тиiстi қаулысы бар болган жағдайда, ауданның коммуналдық мүлiк кұрамына келiп түсетiн жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерiнде (акционерлiк қоғамдарда) мемлекеттiк үлестермен (акция пакеттерiмен) иелiк ету, пайдалану және иелiк ету құқығын жүзеге асыру;

    38)Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте бөлiмнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алулар жүргiзу.

    16.Бөлiм құқықтары:

    1)Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiмен қамтылған жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк органдардан бюджеттiң орындалуын, бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн бюджет түсiмдерiнқамтамасыз ету бойынша iс — шаралар кешенiн орындауға қажеттi ақпараттарды жэне есептердi, басқа да мәлiметтердi сұратып алдыруға;

    2)түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, Қазақстан Республикасының Үкiметiмен анықталған тәртiпте, жылдык сомаларды қоса есептегендегi мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге;

    3) құпиялық режимiн, коммерциялық жэне басқа құпияларды сақтай отырып, қалалық бюджеттi орындау мәселесiне жататын құжаттармен ешкедергiсiз танысуға;

    4) мемлекеттiк мекемелердiң тапсырған есептемелерiне тексерiс жүргiзуге;

    5)қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдар, мекемелер және мемлекеттiк кәсiпорындардан мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi есептердi және тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жоспарланған сатып алу номенклатурасын сұратып, белгiленген мерзiмде алдыруға;

    6)бақылау жүргiзуге, оның iшiнде коммуналдық меншiк обьектiлерiн сенiмгерлiк басқару шарттарына сәйкес мiндеттемелердi орындаулары бойынша сенiмгер басқарушылардың есебiн тыңдауға;

    7) Мемлекеттiк органмен пайдалануға және иелiкке тапсырылған мемлекеттiк акция пакеттерiмен және мемлекеттiк қатысу үлестерiмен тиiмдi басқару бақылауын жүргiзу және ұйымдастыру;

    8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқада қүжаттарды жүзеге асыруға.

    17.Бөлiмнiң мiндеттерi:

    1)Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген мерзiмде және тәртiпте қаланың әкiмдiгiне, облыстың тексерiс комиссиясына, жоспарлау бойынша қаланың уәкiлеттi органына, iшкi қаржылық бақылау органына бюджеттiк есептiлiктi ұсынуды және құрастыруды қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасы Бюджеттiк кодексiнiң 124, 125 бабы);

    2)қаланың мемлекеттiк органдар тиiмдiлiк бақылауын жүргiзу және ұйымдастыру;

    3) Өзiнiң құзыретi шегiнде бөлiмнiң мүдделерiн үсыну.

    3.Мемлекеттiк органның қызметiн үйымдастыру

    18. Бөлiм басшылығы басшымен жүзеге асырылады, ол Бөлiмге жүктелген тапсырмаларды орындауға және өзiнiң функцияларын онымен жүзеге асыруға дербес жауапты.

    19. Бөлiмдi қала әкiмi лауазымға тағайындаған басшы басқарады.

    20. Басшының орынбасары болады, оны тағайындау және жұмыстан босату Қазақстан Респуликасының заңнамаларымен аңықталады.

    21. Бөлiм басшының өкiлеттiлiгi:

    1) өзiнiң орынбасарына, сектор меңгерушiлерiне мiндеттемелердi және өкiлеттiлiктi анықтайды;

    2) Заңнамаға сәйкес бөлiм қызметкерлерiн лауазымынан босатып, лауазымға тағайындайды;

    3) Заңнамамен анықталған тәртiпте бөлiм қызметкерлерiн тәртiптiк жазамен жазалайды;

    4) бөлiмнiң бұйрықтарына қол қояды;

    5) өз құзырының шегiнде бөлiмнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi.

    6) жергiлiктi атқарушы орган бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде бөлiмнiң штаттық кестесi мен қүрылымын әзiрлейдi;

    7) бөлiмнiң штаттық кестесiн дайындайды және бекiтедi;

    8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдарда бөлiмдi өз атынан ұсынады;

    9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жүмысты орындауға мiндеттi және оган жеке жауапкершiлiк тартады;

    10) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес басқа өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

    Бөлiм басшының өкiлеттiлiгiн орындау ол болмаған аралықта қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оның орынбасарымен жүзеге асырылады.

    22. Басшы өз орынбасарының өкiлетiн қолданыстағы заңнамаларға сәйкес анықтайды.

    4.Мемлекеттiк органның мүлiгi

    23. Бөлiм заңнамамен қарастырылған жағдайда жеке мүлiктi жедел басқаруға кұқығы бар.

    Бөлiмнiң мүлiгi оған меншiк иесiмен берiлген, сонымен қатар өзiнiң қызметiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбайтын басқа да көздер нәтижелерiнен сатып алынған мүлiктер (акшалай түсiмдердi қоса) есебiнен қалыптасады.

    24. Бөлiмге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

    25. Бөлiм оның атына бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша оған берiлген қаражаттар есебiнен сатып алынған мүлiктi өз еркiмен иелiгiнен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иеленуге құқығы жоқ, егер заңнамамен басқасы анықталмаса.

    5. Мемлекеттiк органның қайта құрылуы және таратылуы

    26. Бөлiмнiң қайта құрылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері