
Өмірбаян
Шукманов Қайрат Мақсұтұлы 1982 жылы 7 шілдеде Қостанай облысы
Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2006 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін
«Қаржы» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі «қаржы бакалавры».
2005 жылдың қаңтар айынан - 2013 жылдың наурыз айына дейін
Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылындағы «Шукманова Ж.Н.»
шаруа қожалығында механизатор болып жұмыс істеді.
2013 жылғы наурыздан - 2017 жылғы маусымға дейін –
Қостанай облысы Жітіқара қаласы «Жітіқара ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» ММ «Ветеринариялық станция» МКК жүргізушісі.
2017 жылдың маусымынан - 2020 жылдың наурызына дейін
Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылындағы «Шукманова Ж.Н.»
шаруа қожалығында механизатор.
2022 жылғы наурыз – шілде аралығында – Жітіқара ауданы
Мүктікөл ауылындағы «Шукманова Ж.Н.» шаруа қожалығының басшысы.
Сайлау қорытындысы бойынша 2022 жылғы 26 сәуірден бастап
Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Үйленген, бір бала тәрбиелеп отыр.





