
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері күнделікті жұмыс барысында азаматтарды зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелері бойынша жеке қабылдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Азаматтарды жеке қабылдау барысында көбінесе зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтардың еңбек өтілін растау мәселелері бойынша сұрақтар туындайды.
Атап айтқанда, еңбек кітапшасындағы жазбаларда түзетулердің болуы, жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан босату туралы жазбаларда тиісті бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетілмеуі, сондай-ақ азаматтың тегі, аты, әкесінің атының жеке куәлігіндегі мәліметтермен сәйкес келмеуі жағдайларында еңбек өтілін растайтын қосымша құжаттарды ұсыну қажеттілігі түсіндіріледі.
Сонымен қатар, азаматтың еңбек қызметін жүзеге асырған кезеңдері жұмыс істеген мекемесімен (ұйымымен), оның құқықтық мирасқоры немесе архив мекемесі тарапынан расталмаған жағдайда, еңбек өтіліне қатысты қолда бар мәліметтер мен расталмаған құжаттарды (құқықтық мирасқорының жоқ екендігі туралы мәліметтер, еңбек өтілі туралы мәліметтер анықталмағаны жөніндегі архив анықтамасы және басқа да құжаттар) қоса ұсына отырып, сотқа заңдық маңызы бар фактісін анықтау туралы арыз беру арқылы сот шешімі негізінде дәлелдеуге болатындығы жөнінде тиісті түсіндірме беріледі.









