Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың рөлі мен міндеттері» тақырыбында семинар өткізілді

    Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың рөлі мен міндеттері» тақырыбында семинар өткізілді

    Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен 2026 жылғы 02 қыркүйекте Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының Білім инновация IT лицей интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру «Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың рөлі мен міндеттері» тақырыптарда семинарлар өткізілді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты санитариялық-эпидемиологиялық қызметке кадрларды тарту болды. Семинар барысында көлік саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің рөлі мен маңызы атап өтілді. Қызметтің негізгі қызмет бағыттары айқындалды: халық денсаулығын қорғау, аса қауіпті инфекцияларды алдын алу және жолаушылар мен жүк тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ көлік саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орган тарапынан — азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген тәртіппен — объектілерді бақылау және қадағалау жүзеге асырылады. Барлық іс-шаралардың соңында барлық қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары