Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі – 1 бірлік;

    «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуғаконкурсжариялайды

    Лауазымның атауы:

    1. Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі – 1 бірлік;

    Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 09.09.2026 ж.

    Құжаттардың қабылдаудың аяқталу күні: 17.09.2026 ж.

    Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: 236520 теңгеден бастап

    1. Әдістемелік кабинетінің меңгерушісінің лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамалары
    1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кабинет (орталық) қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
    1. штаттық кестені анықтайды және бекітеді;
    2. даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды, кабинеттің (орталықтың) даму бағдарламаларын әзірлеуді, бекітуді және орындауды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын ұйымдастырады;
    3. бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;
    4. кабинеттің (орталықтың) мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
    5. оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді;
    6. республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
    7. кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
    8. қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;
    9. қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді және ынталандырады;
    10. компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды меңгерген;
    11. кабинеттің (орталықтың) оқу-әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, сараптамалық кеңестердің), педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің, пән педагогтері қауымдастықтарының жұмысына басшылық етеді;
    12. педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
    13. педагогтер мен білім беру ұйымдарының оқу және әдістемелік жұмысының озық тәжірибесін жинақтайды және насихаттайды. Есепке алуды жүргізеді және атқарылған жұмыс;
    14. өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылайды;
    15. әдіскерлер мен мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді;
    16. есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
    1. Біліктілікке қойылатын талаптар:

    аудандар/қалалар деңгейінде:

    тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

    1. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

    аудандар/қалалар деңгейінде:

    тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

    "педагог-сарапшы" немесе "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" немесе "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "білім беру ұйымының" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.

    1. Қажетті құжаттар тізімі:

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:

    • осы Қағидалардың 3 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    • жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
    • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
    • педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
    • "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
    • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    • наркологиялық ұйымнан анықтама;
    • сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
    • ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS ( IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
    • 12 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

    12) Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

    Құжаттарды тапсыру үшін мекен – жайы:

    БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Тәуелсіздік көшесі 135

    Әңгімелесуді өткізу орны: «Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ

    Аңықтама үшін байланыс: 8 (71132) 23-0-54, 21-4-67

    Электрондық пошта – [email protected]

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ" жаңалықтары