«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    Теректі ауданының білім беру бөлімі бойынша мәлімет

    Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі.

    Аудан бойынша 36 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, оның ішінде 11 бөбекжай, 6 жеке балабақша, 19 шағын орталық, мұндағы балалардың жалпы саны -1880. Соның ішінде МДҰ – 1670 бала, ШО – 210 бала.

    1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту ауданда 93,5 % -ды құрайды, 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту -97 %. 2024 жылы 327 бала бөбекжай кезегінде тұр.

    Жеке меншік бөбекжайларды қаржыландыру бойынша аудандық бюджеттен 547 149 мың теңге субсидия бөлінді (бір балаға төленетін қаржы мөлшері – 60119 тг құрайды).

    Ауданда 2024-2025 оқу жылында 6569 оқушы контингенті бар 34 күндізгі мемлекеттік жалпы орта білім беретін мектептер жұмыс жасады. 2024-2025 оқу жартыжылдығы бойынша білім сапасы 64 % (ө.ж – 61%) құраса, өткен оқу жылымен салыстырғанда 3 % -ке өсіп отыр.

    Педагогикалық кадрлар бойынша

    Теректі ауданының білім беретін мектептерінде жалпы 1209 педагог қызмет атқаруда. Ауданымыздағы педагогтердің 1079-ы жоғары білімді (89,24 %). Оның ішінде зерттеуші санатында 150 педагог (12,4 %), (өткен жылы 12,2 %) сарапшы 366, (30,27 %), өткен жылы (27,6%), модератор 491 (40,61 %), өткен жылы (27 %).

    Орта білім берудің қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз ететін маңызды бөліктің бірі оқушылардың күнделікті тасымалын ұйымдастыру болып табылса, 2024-2025 оқу жылында сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін 16 тиісті мектептері жоқ елді-мекендерден 13 жалпы білім беретін мектептерге 417 оқушы күнделікті тасымалданады.

    Оқушыларды тасымалдауға арналған автокөлік саны 15 бірлікті құрады. Мектеп жанындағы интернаттар саны – 5 бірлікті құрайды. Мектеп жанындағы интернатта орналасқан 100 оқушы аптасына 1 рет тасымалданып тұрады.

    Жалпы орта білім беретін мектептердегі 10 түзете - дамыта оқыту сыныптарында 44 оқушы білім алуды.

    Мектептерде 12 немесе одан да көп даму мүмкіндігі шектеулі бала оқитын жалпы білім беретін мектепте 23 дефектолог және 30 логопед бірлігі енгізілді.

    Балаларды инклюзивті біліммен 561 баланы немесе барлық ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар санының 88 % - қамтылды. Мектепке дейінгі ұйымда 1 инклюзивті тәрбиелеу кабинеті бар. Арнайы білім беру саласында тіл мүкістігі бар 62 оқушыны қамтыған 3 логопедиялық бөлімше бар.

    2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және Жол картасын орындау аясында Теректі ауданында №1 Подстепное ЖББОМ базасында және «Бәйтерек» бөбекжайында инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс жасап тұр.

    Жалпы ыстық тамақ ұйымдастырылатын мектептер саны – 29. Жалпы 3725 оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтылуда.

    Бейне бақылау құрылғыларымен 34 мектеп және 11 мектепке дейінгі ұйымдар қамтылды. Мектептерде барлығы 936 камера, мектепке дейінгі ұйымдарда 175 камера орнатылған.

    Қосымша білім беру ұйымдарының саны – 3. Оқушылардың жалпы саны 2024-2025 оқу жылы 1725 баланы қамтып отыр. Жалпы педагогтар саны – 126.

    Типтік ғимаратта – 26, ыңғайластырылған ғимаратта – 8 мектеп. Апатты жағдайдағы мектеп жоқ. Подстепный қазақ ЖОББМ-де оқушылар орындарының тапшылығы пайда болды. Подстепный қазақ мектебінің ғимаратында 49 сынып-комплект орналасқан. Контингент 1125 оқушыны құрайды, оның ішінде 1030-ы 1-11 сынып оқушылары және 95-і мектепалды дайындық тобының тәрбиеленушісі.

    2024-2025 оқу жылының басынан оқушылар үш ауысымда оқуды. Подстепный қазақ жалпы білім беретін мектебі 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Үш ауысымды оқытуды жою мақсатында қазіргі уақытта Подстепное ауылында 1200 орындық мектеп салынуда.

    2024 жылы Подстепное ауылында орналасқан Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі -79 млн 131 мың 516 теңгеге және Теректі ауылында орналасқан Федоровка №1 жалпы орта білім беретін мектебіне 2 млн 834 мың 658 теңгеге, Кемер ауылындағы Социализм негізгі мектебіне 2 млн 409 мың 591 теңгеге, Ұзынкөл ауылындағы Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебіне 9 млн 152 мың 324 теңгеге, Ақсоғым ауылындағы Восход негізгі орта білім беретін мектебіне 2 млн 86 мың теңгеге, Сарыөмір ауылындағы Х.Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне 3 млн 370 мың 809 теңгеге, Богдановка ауылындағы Богдановка негізгі орта білім беретін мектебіне 1 млн 150 мың теңгеге, Шалқар ауылындағы Шалқар бастауыш мектебіне 1 млн 911 мың 809 теңгеге, Сарыөмір ауылындағы «Өркен» бөбекжайына 2 млн 537 мың 911 теңгеге, аудандық «Жас Ұлан» лагеріне 2 млн 10 мың 936 теңгеге қаражат бөлініп, мектептер ағымдағы жөндеуден өткізілді.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Кәмелетке толмағандарға арналған денсаулық сақтау бағдарламасын бірлесіп басқаруға өтініш

    Жарияланды:
    Басқа

    Заявление о соглавсование оздоровительной программы несовершенолетним

    Жарияланды: