Әдістемелік кабинетінің дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша әдіскері – 1 бірлік

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуғаконкурсжариялайды

    Бос лауазымдар атауы:

    1. Әдістемелік кабинетінің дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша әдіскері – 1 бірлік;

    Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 23.09.2026 ж.

    Құжаттардың қабылдаудың аяқталу күні: 01.10.2026 ж.

    Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: 208294 теңгеден бастап

    1. Әдістемелік кабинетінің дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық әдіскері лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамалары

    аудан (қала) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңде әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді;

    жетекшілік ететін мәселелер бойынша, оның ішінде дене шынықтыру-бұқаралық жұмыстар бойынша білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

    мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды;

    педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;

    педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;

    білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;

    педагогтарға көмек ретінде библиографиялық анықтамалықтар, әзірлемелер, тестілік және өзге де материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттердің, аудан (қала)педагогтерінің назарына жеткізеді;

    оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;

    педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесіне мониторинг жүргізеді және таратады;

    педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

    білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;

    есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

    1. Білуге тиіс:

    Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

    мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтау, қорыту және тарату әдістемесі;

    педагогикалық этиканың нормалары;

    педагогика және жас психологиясы негіздері;

    дидактика принциптері, оқытудың жалпы және жеке әдістері;

    әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері;

    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

    Біліктілікке қойылатын талаптар:

    облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:

    тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

    аудандар/қалалар деңгейінде:

    тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

    1. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

    1) "педагог":

    қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

    балаларға қосымша білім беру ұйымдарының әдістемелік корпусының кадрлық құрамы мен әлеуетін талдау;

    бағдарламалық-әдістемелік өнімді қалыптастыру;

    2) "педагог-модератор":

    "педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

    әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысу;

    диагностика жүргізу;

    педагогтерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау;

    ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу;

    ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорытындылау;

    аудан/қала ішінде конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар ұйымдастыру және өткізуге қатысу;

    3) "педагог-сарапшы":

    "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

    білім беру, бос уақыт бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, оқу құралдарының әртүрлі түрлерін әзірлеуге қатысу;

    әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру;

    педагогтерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауға көмек көрсету;

    4) "педагог-зерттеуші":

    "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

    қосымша білім беру саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибені тарату;

    облыс, республика деңгейінде мастер-кластар, педагогикалық шеберханалар, семинарлар ұйымдастыру;

    қосымша білім беру саласында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

    бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу;

    5) "педагог-шебер":

    "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

    қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша бағдарламалық-әдістемелік өнім әзірлеу;

    облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру,

    қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысу;

    қосымша білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.

    1. Қажетті құжаттар тізімі:

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:

    • осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    • жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
    • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
    • педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
    • "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
    • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    • наркологиялық ұйымнан анықтама;
    • сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
    • ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS ( IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
    • 12 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

    12) Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

    Құжаттарды тапсыру үшін мекен –жайы:

    БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Тәуелсіздік көшесі 135

    Әңгімелесуді өткізу орны: «Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ

    Аңықтама үшін байланыс: 8 (71132) 23-0-54, 21-4-67

    Электрондық пошта – [email protected]

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары