
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы бала туған күннен бастап, баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген күннен бастап, ол бір жарым жасқа толғанға дейін тағайындалады.
Жәрдемақы тағайындау кезінде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған (қыз асырап алынған), сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар, егер олар басқа ата-ананың отбасында есепке алынбаған болса, өгей балалар ескеріледі.
Қандастарға бала күтіміне байланысты жәрдемақы бала туған күннен бастап, бірақ қандас мәртебесі белгіленген күннен ерте емес мерзімде тағайындалады.
Жәрдемақы тағайындауға кім жүгінеді?
Бала тууға байланысты және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші жәрдемақы тағайындауға уәкілетті органға Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінеді.
Жәрдемақы тағайындау үшін қандай құжаттар қажет?
Жәрдемақы тағайындау үшін мынадай мәліметтер қажет:
• өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
• баланың туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме, не азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама;
• неке қию (бұзу) туралы куәлік;
• балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу (қыз асырап алу) туралы мәліметтер;
• тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер;
• өтініште көрсетілген банктік шот нөмірі туралы мәліметтер.
Қажетті мәліметтерді өтініш беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.







